«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 сәуірде № 10830 тіркелді
Редакция 30.07.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтын 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ____________ Т. Дүйсенова 2015 жылғы «____»________
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 жылғы № 335 Бұйрығына сәйкес (15.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 08.11.2020 жылдан бастап)
1. Осы Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 38) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Осы Қағидалар энергетикалық ұйымдардың персоналын дайындау және оның біліктілігін қолдау түрлеріне және көлемдеріне негізгі талаптарды белгілейді.
Осы Қағидалар энергетикалық жабдықты, ғимараттар мен құрылыстарды жобалауды, монтаждауды, пайдалануды, жөндеуді, ретке келтіруді және сынауды жүзеге асыратын электр энергетикалық саласындағы ұйымдардың персоналына, сондай-ақ электр қондырғыларының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын немесе электр энергетикасы саласында сараптау жұмыстарын орындайтын персоналға және энергия өндірісінің технологиялық процесін басқаруды қамтамасыз ететін персоналға қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 жылғы № 322 Бұйрығына сәйкес (17.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) аварияға қарсы жаттығулар – ықтимал технологиялық бұзушылықтар, өтеу және бұзылған энергиямен жабдықтауды құлақтандыру, оқшаулау, жою және қалпына келтіру бойынша бірінші кезектегі іс-қимылдарды игеру және қабылдау жөніндегі жаттығулар;
2) әкімшілік-техникалық персонал – техникалық және жедел қызмет көрсетуді, жөндеу, монтаждау және ретке келтіру жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыратын басшылар, мамандар;
3) біліктілікті арттыру – бұрын алған кәсіптік білімін, шеберлігі мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
4) жедел персонал – энергия қондырғыларын жедел басқаруды (тексеру, жедел қайта қосу, жұмыс орнын дайындау, жұмыс істейтін персоналға рұқсат беру және оларды қадағалау) жүзеге асыратын персонал;
5) жедел-жөндеу персоналы – өздеріне бекітілген энергия қондырғылар көлемінде жедел түрде қызмет көрсету үшін арнайы оқытылған және даярланған жөндеу персоналы қатарынан қызметкерлер санаты;
6) жөндеу персоналы – энергия қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуді, оларды жөндеуді, реттеуді және сынауды тікелей жүзеге асыратын қызметкерлер;
7) жұмыс орны – қызметкердің еңбек қызметі процесінде өздерінің еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;
8) қайталау – қайталаушыны дайындауға жауапты адамның бақылауымен атқарылатын энергия қондырғысын басқару немесе жұмыс орнында басқа да функцияларды жүзеге асыру болып табылатын дайындық сатысы;
9) қосалқы персонал – қолданыстағы энергия қондырғылары аймағында жұмыс атқаратын қосалқы кәсіптер қызметкерлер санаты;
10) маман – жедел, жедел-жөндеу, жөндеу персоналына басшылықты жүзеге асыратын адам, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-тармағының 14) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын филиалдардың, цехтардың, қызметтердің, ұйым бөлімдерінің басшылары;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 жылғы № 335 Бұйрығына сәйкес (15.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 08.11.2020 жылдан бастап)
11) нұсқама – қызметкерлердің барлық санаттары үшін міндетті персоналмен жұмыс нысаны;
12) персоналмен жұмыс – персоналдың өндiрiстiк функцияларды орындауы үшін оның қажетті кәсiптік бiлiм деңгейін қолдауды қамтамасыз ететін өндірістік қызмет нысаны;
13) тағылымдама – жұмысты немесе жұмыс топтарын орындау дағдыларын тікелей жұмыс орнында практикалық игеру;
14) техникалық басшы – электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың басшысының техникалық мәселелер жөніндегі, өндіріс жөніндегі орынбасарынан, сондай-ақ бас инженерден, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) басшысынан төмен болмайтын лауазымды атқаратын адам;
14-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 жылғы № 335 Бұйрығына сәйкес (15.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 08.11.2020 жылдан бастап)
15) энергетикалық объект – өз құрамында электр техникалық және жылу-техникалық жабдықтар мен қондырғылары бар энергетикалық ұйымның өндірістік бөлімшесі (учаске, цех, кешен);
16) электр қондырғысы – энергияны өндіруге немесе түрлендіруге, беруге, жинақтауға немесе тұтынуға арналған өзара байланысты жабдық пен құрылыстар кешенi;
16-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 жылғы № 335 Бұйрығына сәйкес (15.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 08.11.2020 жылдан бастап)
17) электр техникалық персонал – энергетикалық ұйымдарда басқаруды және (немесе) пайдалануды, монтаждауды, ретке келтіруді, оларға техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, олардың жұмыс режимін басқаруды тікелей жүзеге асыратын жедел, жедел-жөндеу, жөндеу персоналы;
18) электр технологиялық персонал – өзі қызмет көрсететін технологиялық процесте негізгі құрамдық бөлік электр энергиясы болып табылатын, жұмысында қол электр машиналарын, электр дәнекерлеуішті, жарықтандырғыштарды, өлшеу аспаптарын және тасымалды электр құрылғыларын пайдаланатын персонал, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықпен немесе еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықпен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 253 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10907 тіркелген) Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын білу белгіленген электр зертханаларының қызметкерлері;
19) электр техникалық емес персонал – «электр техникалық», «электр технологиялық» персонал анықтамасына жатпайтын персонал.
Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 жылғы № 335 Бұйрығына сәйкес (15.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 08.11.2020 жылдан бастап)
3. Жедел және жедел-жөндеу персоналымен, энергетикалық қондырғыларды басқаруды жүзеге асыратын жедел басшылармен жұмыс мынадай нысандарда жүргізіледі:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 жылғы № 322 Бұйрығына сәйкес (17.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) оқытудан, оның ішінде:
жұмыс орнындағы тағылымдамадан;
білімді бастапқы біліктілік тексеруден;
қайталаудан тұратын жаңа лауазым бойынша дайындау;
2) білімді мерзімді біліктілік тексерулер;
3) аварияға және өртке қарсы бақылау мақсатындағы жаттығулар;
4) нұсқамалар;
5) біліктілікті арттыру.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |