• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын құру туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 15 Жарлығы

Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) құрылсын.
2. Академияға білім беру ұйымының ерекше мәртебесі берілсін.
3. Академия қызметінің негізгі бағыттары:
1) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервінде тұрған қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру;
1-1) құқық қорғау органдарына қызметке алғашқы рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлық;
3-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 13.05.2020 жылғы № 331 Жарлығына сәйкес
2) құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми үйлестіру және зерттеулерді жүргізу;
3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Академияның уәкілетті органы болып айқындалсын.
5. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) «Қаржы полициясы академиясы» мемлекеттік мекемесінің және «С.Есқараев атындағы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы заңдылық, құқық тәртібі мәселелерін зерттеу және прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты» мемлекеттік мекемесінің таратылуын қамтамасыз етсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 4 мамырдағы
№ 15 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):
осы өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес 2-қосымша редакцияда жазылсын.
2. «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы»Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 27, 331-құжат):
1-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына ерекше мәртебе берілсін.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына қолданылмайтын, Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгі ережені бекітсін;».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (13.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)
4. «Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, арнаулы мемлекеттік органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі мен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 234-құжат) («Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен).
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (13.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 13.10.2017 жылғы № 563 Жарлығымен (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
7. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери лауазымдар және оларға сәйкес әскери атақтар тізбесін бекіту және «Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 453қбп Жарлығына («Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен).
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 158 Жарлығымен (04.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Президентінің кейбір жарлықтарына
енгізілетін өзгерістер
мен толықтыруларға
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 22 қаңтардағы
№ 29 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы прокуратурасының ШТАТ САНЫ

Қазақстан Республикасының прокуратурасы

5636

оның ішінде:





Бас прокуратура

321

Құқық қорғау органдары академиясы

213

прокуратура органдары

4446

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет

100

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің аумақтық органдары

556

2017 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының прокуратурасының штат саны - 5606 бірлік, Құқық қорғау органдары академиясының штат саны - 183 бірлік.