• Мое избранное
«Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 3 қазанда № 9779 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Заңды тұлғаларға көрсетілген курьерлік қызметтердің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1931101, индексі 1-тариф (курьер), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Заңды тұлғаларға көрсетілген курьерлік қызметтердің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1931101, индексі 1-тариф (курьер), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық қызметтердің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1621101, индексі 1-тариф (пошта), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық қызметтердің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1621101, индексі 1-тариф (пошта), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтерінің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1111101, индексі 1-тариф (байланыс), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтерінің тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1111101, индексі 1-тариф (байланыс), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;
7) «Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу бағасы мен көлемі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 2031101, индексі 1-СФ, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес;
8) «Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу бағасы мен көлемі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 2031101, индексі 1-СФ, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес;
9) «Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1071101, индексі 1-тариф (автомобиль), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес;
10) «Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1071101, индексі 1-тариф (автомобиль), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес;
11) «Ішкі су көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1091101, индексі 1-тариф (ішкі су), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес;
12) «Ішкі су көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1091101, индексі 1-тариф (ішкі су), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес;
13) «Әуе көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1061101, индексі 1-тариф (әуе), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың  13-қосымшасына сәйкес;
14) «Әуе көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1061101, индексі 1-тариф (әуе), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 14-қосымшасына сәйкес;
15) «Теміржол көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1081101, индексі 1-тариф (теміржол), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 15-қосымшасына сәйкес;
16) «Теміржол көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1081101, индексі 1-тариф (теміржол), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 16-қосымшасына сәйкес;
17) «Құбыр көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1101101, индексі 1-тариф (құбыр), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың  17-қосымшасына сәйкес;
18) «Құбыр көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1101101, индексі 1-тариф (құбыр), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 18-қосымшасына сәйкес;
19) «Өнімдердің, тауарлардың көтерме сауда (жеткізілім) бағасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1021101, индексі 1-Ц (көтерме), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың  19-қосымшасына сәйкес;
20) «Өнімдердің, тауарлардың көтерме сауда (жеткізілім) бағасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1021101, индексі 1-Ц (көтерме), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 20-қосымшасына сәйкес;
21) «Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1631101, индексі 1-Б (жалға беру), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың  21-қосымшасына сәйкес;
22) «Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1631101, индексі 1-Б (жалға беру), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 22-қосымшасына сәйкес;
23) «Өндіруші кәсіпорынның өнеркәсіп өнімдерінің және өндірістік сипаттағы қызметтердің бағасы туралы есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1031101, индексі 1-ЦП, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 23-қосымшасына сәйкес;
24) «Өндіруші кәсіпорынның өнеркәсіп өнімдерінің және өндірістік сипаттағы қызметтердің бағасы туралы есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1031101, индексі 1-ЦП, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың  24-қосымшасына сәйкес;
25) «Өңделмеген сүрек және соған байланысты қызметтердің бағасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1041101, индексі 1-ЦП (орман), кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 25-қосымшасына сәйкес;
26) «Өңделмеген сүрек және соған байланысты қызметтердің бағасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1041101, индексі 1-ЦП (орман), кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 26-қосымшасына сәйкес;  
27) «Балық аулау және акваөсіру өнімінің бағасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1173101, индексі 1-ЦП (балық), кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың  27-қосымшасына сәйкес;
28) «Балық аулау және акваөсіру өнімінің бағасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1173101, индексі 1-ЦП (балық), кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 28-қосымшасына сәйкес;
29) «Сатып алынған құрылыс материалдарының, бөлшектер мен конструкциялардың бағасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1001101, индексі 1-ЦСМ, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 29-қосымшасына сәйкес;
30) «Сатып алынған құрылыс материалдарының, бөлшектер мен конструкциялардың бағасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1001101, индексі 1-ЦСМ, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 30-қосымшасына сәйкес;
31) «Өткізілген ауылшаруашылық өнімінің және ауылшаруашылық құралымдарына арналған қызметтердің бағасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0981101, индексі 1-ЦСХ, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 31-қосымшасына сәйкес;
32) «Өткізілген ауылшаруашылық өнімінің және ауылшаруашылық құралымдарына арналған қызметтердің бағасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0981101, индексі 1-ЦСХ, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 32-қосымшасына сәйкес;
33) «Тауарлардың, өнімдердің экспорттық жеткізілімдері мен импорттық түсімдерінің бағасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 7841101, индексі 1-Ц (экспорт, импорт), кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 33-қосымшасына сәйкес;  
34) «Тауарлардың, өнімдердің экспорттық жеткізілімдері мен импорттық түсімдерінің бағасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 7841101, индексі 1-Ц, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 34-қосымшасына сәйксе;
  35) «201__ жылы тұтыну тауарлары мен ақылы қызметтердің бағаларын тіркеу дәптері» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1153101, индексі Ц-101, кезеңділігі күн сайынғы) осы бұйрықтың 35-қосымшасына сәйкес;  
  36) «201__ жылы тұтыну тауарлары мен ақылы қызметтердің бағаларын тіркеу дәптері» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1153101, индексі Ц-101, кезеңділігі күн сайынғы) осы бұйрықтың 36-қосымшасына сәйкес;
  37) «201__ жылы базарлардағы ауыл шаруашылығы өнімінің бағасын тіркеу дәптері» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1163101, индексі Ц-200, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 37-қосымшасына сәйкес;
  38) «201__ жылы базарлардағы ауыл шаруашылығы өнімінің бағасын тіркеу дәптері» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1163101, индексі Ц-200, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 38-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2014 жылғы 13 қарашадағы № 47 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 9990 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;  
2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдасын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.  
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.