• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 13.03.2018 г

Отправить по почте

"Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттердің тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 393 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 тамызда № 11833 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 13 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 08.02.2018 ж. № 142 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттердiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10097 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
бұйрықтың орыс тіліндегі атауына өзгеріс енгізілді, бұйрықтың қазақ тіліндегі атауы өзгермейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттердің тiзбесiнде:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
«15. Ирландия Республикасы (Дублин, Шеннон қалаларының аумақтары бөлігінде ғана)».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті (Қ.Б. Жолмұхамбетов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.  
Министр Б. Сұлтанов