Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 551 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 7 шілдеде № 11573 тіркелді
ID документа скопирован в буфер обмена
Бұйрық № 551 от 2015-04-30г./Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларын бекіту туралы
Языки документа
Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Редакция 30.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға оның көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қ.Қасымов __________________ 2015 жылғы 2 маусым
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 551 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 577 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-24) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) авиациялық техника – авиациялық техникалық құралдардың жиынтығы (әуе кемелері, оның борт жабдықтары және агрегаттары, қозғалтқыштары, мемлекеттік авиация әуе кемелерінің авиациялық құралдары, құтқарудың авиациялық құралдары, тренажерлер жиынтығы (жазғы симуляторлар), әуе қозғалысын басқарудың толықтырушы заттары, техникалық құралдары, қондыру мен байланыс навигациялары, сондай-ақ ұшуды орындауға арналған жалпы және арнайы жерүсті ұшуларды қамтамасыз ету құралдары, әуе қозғалысын және жерүсті ұшуларды басқаруды ұйымдастыру;
2) авиациялық техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша ұйым (әрі қарай – ТЖ және ТҚК бойынша ұйым) - авиациялық техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді іске асыратын әрі авиациялық техниканы жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету ұйымының қолданыстағы сертификаты бар заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша
3) авиациялық техниканы жөндеу (әрі қарай - АТЖ) - авиациялық техниканың жұмыс қабілеттілігі мен түзулігін қайта қалпына келтіру бойынша операциялар кешені;
4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтық және эксперименттік авиация қызметінде әрі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4-1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласын тұрақты дамытуды, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам.
2-тармақ 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 577 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) әуе кемесi (әрі қарай - ӘК) – жер (су) бетiнен көтерілетін ауамен өзара әрекеттесуді қоспай, оның ауамен өзара әрекеттесуі арқылы атмосферада қалықтайтын аппарат;
6) жіберуші персонал – ӘК немесе оның компоненттерін ТҚ-дан ( написать на каз Технического обслуживания) кейін пайдалануға рұқсат беруге техникалық қызмет көрсетуші ұйым уәкілеттік берген авиациялық персонал техникалық қызмет көрсетуді орындағаннан кейін ӘК немесе оның бөлшектерін пайдалануға жіберуді жүзеге асыратын техникалық қызмет көрсетуші ұйым уәкілеттік берген авиациялық персонал;
7) компонент – авиациялық қозғалтқыш, ауа бұрандасы, құрамындағы бұйымдар немесе ӘК басқа да құрамдас бөліктері.
8) кезеңді техникалық қызмет көрсету – күрделілігі және орындалу шарттарының талаптары бойынша «жедел техникалық қызмет көрсету» критерийлеріне сәйкес келмейтін техникалық қызмет көрсету жұмыстары;
9) техникалық қызмет көрсету (әрі қарай - ТҚК) - бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын, тексеруді, алмастыруды, ақауларды жоюды қоса алғанда, әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды жүргізу, олар жеке-жеке де, үйлестіріп те орындалатын, сонымен қатар түрлендіруді іс жүзінде жүзеге асыру;
10) ұшуларды инженерлік-авиациялық жағынан қамтамасыз ету –жарамды және ұшуға дайындалған әуе кемелерінде әуе көлігінің ағымдағы және болашақтағы қажеттіліктерін қанағаттандыру;
11) метрологиялық бақылау - метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi жүзеге асыратын қызмет;
12) жедел техникалық қызмет көрсету – ӘК ұшуға даярлау бойынша атқарылатын ТҚК жұмыстары. Жедел ТҚК-ге: тоқтап қалуды табу және жою; компоненттерін алмастыру (бұндай компоненттерге қозғалтқыш та, ауа бұрандалары да жатады); ТҚК бойынша жоспарлы жұмыстары (көп еңбекті қажетсінетін терең бақылауды талап етпейтін көзге көрінетін бүлінулер/бұзылыстарды анықтау үшін қарап тексерулерді қоса). Оған құрылымның борт жүйелері мен күшті қажет ететін құрылғының ішкі элементтеріндегі жұмыстар кіреді, оларды орындау үшін тез ашылатын панель/люктер арқылы кіруге болатын жер бар, сонымен қатар ағымдағы жөндеу жұмыстары мен қиын емес түрлендірулер, олар аса бөлшектеуді қажет етпейді және бұл жұмыстар құралдар мен саймандардың қарапайым түрлерімен орындалуы мүмкін
13) рәсімдер – басқарушы және технологиялық құжаттарда баяндалған нормативтік ережелер мен нұсқаулар. ТҚК мақсаттары үшін рәсім ұғымы рәсімнің екі түрін қамтиды: ұйымның авиациялық персоналы адамдарының және/немесе бөлімшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының қағидалары мен тәртібін белгілейтін ұйымдастыру рәсімдері және ТҚК бойынша жұмыстар мен қызметтің әр түрлерінің орындалу технологиясын белгілейтін технологиялық рәсімдер.
14) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өзінің қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
15) ұшуға жарамдылығын сақтау – ӘК-нің пайдалану мерзімі кезінде Заңның 14 бабы 1 тармағының 41-19 тармақшасына (әрі қарай – ӘК ұшуға жарамдылығы нормалары) сәйкес уәкілетті органы бекіткен Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормалары талаптарына ӘК сәйкестігін қамтамасыз ететін үрдістер жиынтығы
16) ірі түрлендіру – бұл ӘК, ӘК қозғалтқышына немесе әуе винтына қойылатын техникалық талаптармен қарастырылмаған типтік құрылғыны өзгерту, бұл салмақ пен орталықтандырудың шектеулеріне, құрылымның беріктігіне, ұшу сипаттамаларына, күш беретін құрылғының жұмысына, тұтынымдық сипаттамаларына және басқа да қоршаған ортамен байланысты сипаттамалар мен ұшу жарамдылығына әсер ететін сипаттарға маңызды ықпал етуі мүмкін крупная модификация – это изменение типовой конструкции, не предусмотренное техническими требованиями (спецификациями) на ВС, двигатель ВС или воздушный винт, которое может существенно повлиять на ограничения массы и центровки, прочность конструкции, летные характеристики, работу силовой установки, эксплуатационные характеристики и другие качества, влияющие на летную годность или характеристики, связанные с окружающей средой;
17) пайдалану құжаттамасы (әрі қарай - ПҚ) - ТҚК-ді қоса алғанда, пайдалану шектеулері, рәсімдер мен ұсыныстары бар ӘК-сі және компонентінің ұшуы мен техникалық пайдалануын регламенттейтін құжаттама.
18) пайдалану және жөндеу құжаттамасы (әрі қарай - ПЖҚ) – әуе кемесін және/немесе оның бөлшегін жасаушы әзірлейтін және әуе кемелерінің ұйымдастырушылық, нормативтік, техникалық және өзге де қағидасын, оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуін белгілейтін құжаттама.
3. Әуе кемесінің (бұдан әрі - ӘК) техникалық пайдалануы мынадай үрдістерді қамтиды:
1) техникалық қызмет көрсету;
2) ӘК жасаушы құжаттарына және ӘК ұшуға жарамдылық нормаларының талаптарына ӘК ұшу-техникалық сипаттамаларының сәйкестігін бақылау.
4. Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарына ӘК-нің ұшу-техникалық сипаттамаларының сәйкестігін бақылауды ӘК экипаждары және ИТҚ жүзеге асырады.
5. Жөндеу ӘК-нің ұшуға жарамдылық нормаларында анықталатын әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын қалпына келтіру үрдісін қамтиды.
6. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйымдардың қағидасына сәйкес, Заңның 54-бабына сәйкес берілген қолданыстағы куәлігі немесе шет мемлекеті берген және осы Заңның 55-бабына сәйкес танылған куәлігі бар авиация персоналы жүргізеді.
7. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету техникалық қызмет көрсету бағдарламалары (регламенттері) (бұдан әрі - ТҚКР) бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентін) уәкілетті ұйым бекітеді.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 577 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүргізу кезінде өндіруші немесе техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша сертификатталған ұйым Заңның 48-бабы 3-тармағына сәйкес берген сәйкестендіруші құжаттары (формулярлар, паспорттар, заттаңбалар, пайдалануға рұқсат құжаттары, дәлме-дәл телнұсқалар) жоқ агрегаттарды, жинақтаушы бұйымдарды және олардың қосалқы бөлшектерін пайдалануға рұқсат етілмейді.
9. ТҚК және АТЖ ұйымдарының сертификаттау талаптарына сәйкестігін уәкілетті ұйым Заңның 14-бабы 1-тармағының 41-25) тармақшасына (бұдан әрі – ТҚК және АТЖ бойынша ұйымның сертификатын беру және сертификаттау қағидалары) сәйкес уәкілетті ұйым бекіткен Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу қағидаларына сәйкес сертификатты берумен растайды.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 577 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Шетел мемлекеттерінің ТҚК және АТЖ бойынша сертификатталған ұйымдарының сертификаттары Заңның 48-бабы 5-тармағына сәйкес дұрыс деп танылғаннан кейін, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіледі. ( изменила и добавила)
11. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйымы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 173 бұйрығына «Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде әуежайларда азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықтарды бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 31 наурызда № 6855 тіркелді) сәйкес орындалатын жұмыстың ауқымына және күрделілігіне қарай ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін Заңның 48 бабы 6 тармағына сәйкес енгізеді.
12. Авиациялық техниканың техникалық пайдалануын ТҚК және АТЖ ұйымы немесе ұшулардың инженерлік-авиациялық жағынан қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын авиациялық персонал жүргізеді. 13. Ұшуларды инженерлік-авиациялық жағынан қамтамасыз ету мынадай міндеттерді жүзеге асырады:
Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена
Ссылка на документ скопирована в буфер обмена
Документ добавлен в избранное
Комментарий удален
Закладка успешно добавлена
Закладка удалена
Закладка изменена
Функция доступна только для подписчиков системы
Чтобы оставить закладку, пожалуйста
Содержание
Комментарий успешно добавлен