Toggle Dropdown
Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 123 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 сәуірде № 10799 тіркелді
Редакция 22.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
____________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 19 наурыз
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 123 бұйрығымен
бекітілген
Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидалары
1. Осы Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленген және энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігінің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін және Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) тоқтату – энергия қондырғыларын немесе жабдықтарын жоспарлы немесе жоспардан тыс істен шығару;
3) энергетика кәсіпорындары – энергия өндіруші (жеке қажеттіліктері мен (немесе) өткізу үшін электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру, сондай-ақ импортталатын электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын ұйым) және энергия жеткізуші (электр немесе жылу энергиясын жеткізуді шарт негізінде жүзеге асыратын ұйым) ұйымдар;
4) жергілікті нұсқау – кәсіпорын аясында пайдалану үшін әзірленген және энергетикалық объектілердің басшылығымен бекітілетін нұсқаулық.
3. Энергетика кәсіпорындарының басшылары:
1) барлық инженерлік-техникалық жұмыскерлердің, жұмысшылар мен қызметшілердің осы Қағидаларды зерделеуін және орындауын ұйымдастырады;
2) іс-шараларға қажетті қаржы бөліністерін бөле отырып, өрт қауіпсіздігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді, бектуді, сондай-ақ орындауды қамтамасыз етеді.
3) кәсіпорын персоналы мен мердiгерлiк ұйымдардың жабдықты жөндеу, қайта жаңарту және құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде дәнекерлеу және басқа да өрт қаупі бар жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібін анықтайды;
4) кәсiпорынның өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн жүйелі түрде тексеру тәртібін белгілейді. Өрт туғызуы мүмкін анықталған кемшiлiктердi жоюға қажетті шаралар қабылдайды;
5) әрбір өндірістік учаске мен үй-жайға өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларды тағайындайды. Кәсіпорын жұмыскерлерінің сумен жабдықтау жабдығынының, өртті анықтау және сөндіру қондырғыларының, сондай-ақ басқа да өрт сөндіру мен өрт техникасы құралдарынының техникалық жай-күйін, жөндеуін және қалыпты пайдаланылуын тұрақты қадағалау үшін цехтар арасындағы қызмет көрсету аймақтарын шектейді;
6) өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаның тегі мен лауазымы көрсетілген маңдайшаларды көрінетін жерге іледі;
7) обьектілік өртке қарсы қызметтің дайындығы мен ерікті өрт құралымдарын мерзімді тексереді және олардың жұмысын жақсартуға қажетті шаралар қабылдайды;
8) өрт және өртке қарсы қорғау жүйесі мен құралдарында пайда болған ақаулар туралы, жол және кіреберістер жағдайының өзгерістері туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарлайды.
9) өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің электр жабдықтары мен электр қондырғыларында өртті сөндіру үшін жазбаша рұқсат берудің тәртібін айқындайды.
4. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес кәсіпорындардың шеберханаларында, қоймаларында, жекелеген цехтарында, зертханаларында және басқа да өндірістік және қосалқы құрылыстардағы өрт қауіпсіздігі үшін жауапкершілік осы құрылымдық бөлімшелердің басшыларына немесе олардың міндеттерін атқаратын лауазымдық тұлғаларға жүктеледі.
5. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, цехтардың, шағын станциялардың, зертханалардың, шеберханалардың, қоймалардың және басқа да өндірістік және қосалқы құрылыстарының бастықтары, сондай-ақ өрт қауіпсіздігіне жауапты лауазымды тұлғалар:
1) өндірістің оларға сеніп тапсырылған учаскелерінде өртке қарсы режимді сақтауды және өрт қауіпсіздігін арттыратын іс-шараларды белгіленген мерзімдерде орындауды қамтамасыз етеді;
2) бағынысты персоналдың өрт-техникалық дайындығын ұйымдастырады және олардан өртке қарсы режимнiң сақталуын және осы Қағидалардың және Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын орындауды талап етеді;
3) цех персоналы мен мердігерлік ұйымдар жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Жұмыс орындары мен үй-жайды тазалау, сондай-ақ кезекшілік жарықтандыруды, өрттерді анықтау мен өшіру жүйесін және үздіксіз технологиялық процестері бар жабдықтарды есепке алмағанда, жұмыс аяқталғаннан кейін электр желісін өшіру режимін белгілейді;
4) учаскедегі өртті табу және сөндіру құралдарының жарамды күйде және үнемі дайындықта ұсталуы үшін жауапкершілік пен тәртіпті белгілейді;
5) өрт, авария немесе персоналға қауіп тудыратын және жабдықтардың жұмыс режимін бұзатын басқа да қауіпті факторлар туындаған кезде дереу өрт бөлімшелерін шақыру шараларын қолданады, кәсіпорын басшылығына хабарлайды, өрт аймағындағы электр жабдықтарын тоқтан ажыратады, өрт сөндіруге жазбаша рұқсат қағазын береді, оны сөндіруді және персоналды эвакуациялауды, сондай-ақ жабдық жұмысының қалыпты режимін қалыпқа келтірілуін ұйымдастырады.
6. Энергетика кәсіпорындарында «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Азаматтық қорғау туралы заң) сәйкес бекітілген «Объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде көзделген өрт қауіпсіздігі белгілері пайдаланылады.
7. Энергетика кәсіпорнындағы әрбір жұмысшы жұмыс орнындағы, басқа да үй-жайлардағы және кәсіпорынның аумағындағы өрт қауіпсізідігінің белгіленген талаптарын білуі және сақтауы керек, ал өрт туындаған кезде жоғары тұрған басшыға немесе жедел персоналға өрттің орны туралы хабарлауы және қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, қолда бар өрт сөндіру құралдарымен оны жоюға кірісуі қажет.
8. Кәсіпорынның әрбір қызметкері жұмыс учаскесіндегі өрт қауіпсіздігінің бұзылғандығы туралы бұзған адамға көрсетуі, цех немесе кәсіпорынның басқа да жерлеріндегі өрт жабдығын тікелей мақсатта пайдаланбағаны туралы және өрт қауіпсіздігі үшін жауапты адамға немесе кәсіпорын басшысына хабарлауы қажет.
9. Барлық энергетика кәсіпорындарында Азаматтық қорғау туралы заңның 12-бабы 1-тармағы 70-23) тармақшасына сәйкес бекітілетін техникалық регламентке сәйкес азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қорытындысы бар өрт-техникалық өнім пайдаланылады.
10. Осы Қағидалардың негізінде әрбір цех, зертхана, шеберхана, қойма, әкімшілік үй-жайлар мен энергетика кәсіпорынының басқа да құрылыстары үшін өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы нұсқаулық әзірленеді.
Өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы нұсқаулық көрінетін жерге ілінеді және объектінің өртке қарсы жай-күйін талдау негізінде, бірақ 3 жылда кемінде 1 рет қарастырылады.
11. Әрбір энергетика кәсіпорындарында мынадай өрт қауіпсіздігі жөнінде құжаттамалар әзірленеді:
1) кәсіпорындарда өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы жалпы нұсқаулық;
2) цехтардағы, зертханалардағы, шеберханалардағы, қоймалар мен басқа да өндірістік және қосалқы құрылыстардағы өрт қауіпсіздігінің нұсқаулығы;
3) өрт сөндіру қондырғыларына қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық;
4) өрт дабылының қондырғыларына қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық;