• Мое избранное

Отправить по почте

Приложение 114 к приказу Министра образования и науки Республики Казахстан от 3 апреля 2013 года № 115

Настоящий Приказ дополнен Приложением 114 в соответствии с Приказом Министра образования и науки РК от 18.06.2015 г. № 393 (подлежит введению в действие по истечении 10 (десяти) календарных дней после первого официального опубликования)
Опубликовано в ИПС нормативных правовых актов РК «Әділет» 24.07.2015 г.
Типовая учебная программа по предмету «Грамота (чтение, письмо, устная речь, дактильная речь)» для учащихся с нарушением слуха (неслышащие) подготовительного класса уровня начального образования (с казахским языком обучения)
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. 
2. Сауат ашу кезеңі қазақ тілі және тіл дамыту, ана тілі туралы білім жүйесіне кіріспе болып табылады. Берілген бағдарлама бойынша естімейтін оқушылардың дайындық сыныбында тілге оқыту үш бөлімнен тұрады: дактильді сөйлеуге үйрету, ауызекі сөйлеу тілін дамыту және сауат ашу. 
3. Пәннің мақсаты – естімейтін оқушыларға тілді қарым-қатынас құралы ретінде меңгерте отырып, грамматикалық құрылымымен таныстыру, оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, диалогті сөйлеудің алғышарттарын қалыптастыру. 
4. Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:
1) диалогтік сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру;
2) дактильдеу арқылы ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
3) оқу жазу дағдыларын қалыптастыру;
4) дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын дамыту.
5. Пәннің мазмұнын меңгеру үшін аптасына 9 сағаттан оқытылады (барлығы – 297 сағат). Жалпы сағат саны кезеңдер бойынша төмендегіше бөлінеді:
кесте 1

Бөлімдері

Оқу жүктемесі аптасына

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

Дактильді сөйлеу тілі

3

2

1

1

Ауызекі сөйлеу тілін дамыту

4

5

5

5

Сауат ашу (оқу және жазу)

2

2

3

3

Барлығы

9

9

9

9

1) дактильді сөйлеу тілі – барлығы – 58 сағат; 
2) ауыз екі сөйлеу тілі, ана тілі – барлығы – 156 сағат;
3) сауат ашу – барлығы – 83 сағат.
6. Пәнді оқыту процесінде пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:
1) қоршаған ортамен таныстыру пәнімен: топсеруен кезінде, табиғатты бақылау барысында алған білімдерін, бақылағандарын оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызша жазбаша тілін дамыту мақсатында пайдалану;
2) заттық-тәжірибелік оқыту пәнімен: іс-әрекеттер жасау барысында сөз байлығын арттыру, тілін дамыту, жазу, сызуға дайындайтын жаттығулар орындайды, бояту жұмыстары арқылы қаламды, қарындашты дұрыс ұстауға үйрету;
3) дене шынықтыру пәнімен: партада дұрыс отыру; дене бітімінің дұрыс дамуы үшін жаттығулар жасау; сабақта сергіту сәтін өткізу. 
2. Оқу пәнінің дайындық сыныптағы базалық білім мазмұны 
7. Дактильді сөйлеу тіліне үйрету.
8. 1 тоқсан:
1) қарапайым тапсырмаларды түсініп орындау;
2) жолдасынан, мұғалімнен затты сұрап алу және өтіне білу:
тұр. Отыр. Бер. Ал. Қой. Көрсет. Же. Іш. Жу. Сүрт. Сурет сал. Жүр. Әкел;
Алмас, тұр. Кел! Олжас, доп бер. Алмас, доп ал. Алма. Жақсы (жаман). Болат, бері кел. Қуыршақты ал. Асан, допты бер. Айман, ойна. Бота, қуыршақты жуындыр. Қуыршақты сүрт. Дәптерді бер. Алма же. Нан же. Су іш. Су ішуге бола ма? Шай іш. Шай берші.
9. 2 тоқсан:
1) қарапайым тапсырмаларды тусініп орындау;
2) жолдасынан, мұғалімнен затты сұрап алу және өтіне білу;
3) сұрақ қоя білу;
4) сұрақты түсініп, оған жауап бере білу;
5) тапсырманың орындалғаны туралы айта алу;
6) білгені туралы айта алу: 
сұра (сұрап ал). Аш. Жап. Айт-айтты. Қара-қарады. Ки. Шеш. Қойып қой. Қиып ал. Желімде. Шық. Кір. Бар. Алмастан қалам сұра. Алманы көрсет. Доп ойна. Асық ойна. Әсемді шақыр. Айман, дәптерді аш (жап). Алмас, «а-а!» — деп айт. Қабылдағышты ки (шеш). Шкафтан (үстелден, партадан) қалам (дәптер) ал. Шкафка дәптер кой. Шкафты аш (жап). Самат сыныпқа кір (шық). Суретті қиып ал. Қағазды желімде;
Алмас, Саматқа алма берші. Жүр ойнаймыз. Кет, кетші. Суретті қарап көрсет. Апай, маған қалам беріңізші;
мынау не? Мынау кім? Бұл не? Бұл кім? Алуға бола ма? Шығуға бола ма? Кіруге бола ма? Отыруға бола ма? Жеуге бола ма? Ойнауға бола ма?;
бұл кім? Мынау не? Кімдікі? (Менікі, сенікі, Алмастікі);
мен жазып болдым. Мен сурет салып болдым;
сенде бар ма? Жоқ. Бар. Мен ойнаймын. Мен сурет саламын.
10. 3 тоқсан:
1) қарапайым тапсырмаларды түсініп орындау;
2) жолдасынан, мұғалімнен затты сұрап алу және өтіне білу;
3) сұрақ қоя білу;
4) сұрақты түсініп, оған жауап бере білу;
5) тапсырманың орындалғаны туралы айта білу;
6) білгені туралы айта білу:
сырғана. Жүгір. Тоқта. Жүр. Сөйле. Қакты (как). Таста. Сұра. Жаса. Тап. Есіңе сақта (есте). Айгүл, шанамен сырғана. Самат, шаңғы теп. Жүгір. Тез жүгір. Айбол, тоқта;
қызыл (көк, сары, кара, жасыл) қарындаш бер. Шаңғы (шана) бер (-ші, -іңізші). Айгүл, жүр ойнаймыз. Айнұр сөйле. Қарды қақ. Қарды таста. Ермексаздан алма (шар) жаса. Қара (көк, кызыл, сары) қарындаш тап. Есіңде сакта!;