«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқару тұрғысынан қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 325 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 қазанда № 12216 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқару тұрғысынан қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың заңнамада бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3)тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 325 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-49)тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар сертификатталмаған әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқару тұрғысынан қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.11.2025 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтық әуежайларындағы авариялық-құтқаруды қамтамасыз ету – бұл әуежайдың жауапкершілік аймағында авиациялық оқиғалар мен оқыс жағдайларға ден қоюға, сондай-ақ авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған күштер мен құралдардың тұрақты дайындықта болуын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық және практикалық іс-шаралардың белгіленген жүйесі;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.11.2025 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) әуеайлаққа (тікұшақ айлағына) іргелес жатқан аумақ – бұл авиациялық оқиға немесе оқыс жағдай орын алған кезде авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілетін, әуеайлаққа (тікұшақ айлағына) жақын орналасқан аумақ. Іргелес жатқан аумақтың шекаралары әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) бақылау нүктесінен сегіз километр шегінде белгіленеді және жасанды немесе табиғи кедергілердің, сондай-ақ оларды еңсеру құралдарының болуына байланысты анықталады. Шекараны белгілеу Іздеу-құтқару жөніндегі үйлестіру орталығымен (бұдан әрі – ІҚҮО) және жергілікті аумақтық органдармен және әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданының карталарында белгіленеді;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.11.2025 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) әуеайлақтағы (тікұшақ айлағындағы) авариялық жағдайлар – нақты әуеайлаққа (тікұшақ айлағына) тән, әуежайдың авиациялық қызметімен тікелей байланысты және оған жатпайтын, табиғи, техногендік, эпидемиологиялық сипаттағы аварияларға байланысты жағдайлар. Авариялық жағдайларға әуе кемелерімен болған авариялық жағдайлар, саботаж актілері (жарылғыш құрылғыларды қолдану қаупін қоса алғанда, әуе кемесін заңсыз басып алу), қауіпті жүктермен байланысты оқиғалар, ғимараттардағы өрттер, дүлей зілзалалар және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар (жолаушылардың немесе жүктердің әуе көлігі арқылы халықаралық ауқымда ауыр инфекциялық аурудың таралуын қоса алғанда) және әуеайлақ (тікұшақ айлағы) персоналының едәуір бөлігін қамтуы мүмкін жұқпалы ауру эпидемиясының өршуі).» жатады;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.11.2025 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету әуежай аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен орындауға бағытталған.
5. Авариялық-құтқару жұмыстары авиациялық оқиға әуежай аумағында болған және апатқа ұшыраған адамдар мен әуе кемесін іздестіруге қажеттілік болмаған жағдайда жүргізіледі, оған мыналар кіреді:
1) әуежай аумағында апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесінің жолаушыларын және экипажын құтқару;
2) зардап шеккендерге бастапқы медициналық көмек көрсету және оларды медициналық мекемелерге эвакуациялау;
3) әуе кемесіндегі өртті сөндіру.
6. Авариялық-құтқарумен қамтамасыз етуді әуежайдың іздестіру және ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қызметі ұйымдастырады.
7. Әуежайдың авариялық-құтқару күштері мен құралдарын күшейту мақсатында авариялық-құтқару командалары (бұдан әрі - АҚК) жасақталады.
8. Сертификатталған әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) пайдаланушысы әуе кемелерінің ұшуы және әуеайлақта (тікұшақ айлағында) жүргізілетін басқа да қызмет түрлерін ескере отырып, әуеайлақта (тікұшақ айлағында) және оған іргелес жатқан аумақта авариялық жағдайлар туындаған кездегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Авариялық жоспар) әзірлейді.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.11.2025 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Авариялық жоспар табиғи, техногендік және эпидемиологиялық сипаттағы апаттарға байланысты әуежайдың авиациялық қызметімен тікелей байланысты емес және оған қатысы жоқ нақты әуеайлаққа (тікұшақ айлағына) тән авариялық жағдайларды көздейді.
Авариялық жоспарды әуеайлақ (тікұшақ айлағы) пайдаланушысының бірінші басшысы бекітеді.
Әуеайлақта (тікұшақ айлағында) авариялық жағдайлар болған жағдайда іс-шараларды жоспарлаудың мақсаты әуеайлақта (тікұшақ айлағында) немесе әуеайлаққа (тікұшақ айлағына) іргелес аумақта төтенше жағдайлар туындаған жағдайда әуеайлақты (тікұшақ айлағын) дайындау процесі, авариялық жағдайлардың, ең алдымен адамдардың өмірін құтқару және әуе кемелерінің операцияларын орындауды қамтамасыз ету үшін салдарын барынша азайту болып табылады.
8-1. Авариялық жоспар әуеайлақта (тікұшақ айлағында) немесе әуеайлаққа (тікұшақ айлағына) іргелес аумақта қатысушылар тартқан авариялық жағдайлар туындаған кезде қабылданатын іс-қимылдарды үйлестіруді көздейді.
1-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.11.2025 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мұндай қатысушыларға авариялық-құтқару және өртке қарсы қызмет, медициналық қызмет, авиациялық қауіпсіздік қызметтері, өндірістік қызметтер және әуеайлақ (тікұшақ айлағы) пайдаланушысының басшылық құрамы, әуеайлақта (тікұшақ айлағында) орналасқан ұйымдардың қызметтері, жерүсті қызмет көрсету қызметтерін жеткізушілер, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары, әуе кемелерін пайдаланушылар, құқық қорғау органдары, сондай-ақ әуеайлақтан тыс орналасқан ұйымдардың қаражаты: азаматтық қорғаудың аумақтық өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі, полиция, денсаулық сақтау органдарының медициналық мекемесі, әскери құралымдар жатады.
Авариялық жоспар авариялық жоспарға тартылған ұйымдармен келісіледі.
Авариялық жоспар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес іздестіру-құтқару жөніндегі үйлестіру орталығымен (ІҚҮО) өзара іс-қимылды көздейді.
8-2. Авариялық жоспарда мынадай негізгі ережелер көзделеді:
1-тарау 8-2-тармақпен толықтырылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.11.2025 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) іс-шаралар жоспары жасалатын авариялық жағдайлардың түрлері;
2) тартылған қатысушылар;
3) әртүрлі кезеңдерде тиісті авариялық жағдайларға жауапты үйлестірушілерді айқындау;
4) әрбір қатысушының жауапкершілігі мен рөлі, авариялық жағдайлардың барлық түрлері үшін авариялық жедел орталық пен басқару пункті;
5) авариялық жағдай туындаған кезде хабарлау схемасы мен рәсімі, нақты авариялық жағдай туындаған жағдайда байланыс орнатылатын лауазымды адамдардың байланыс ақпараты;
6) координаттық торы белгіленген әуеайлақ пен оның маңындағы аумақтың карталары;
7) практикалық дағдыларды пысықтау үшін оқу-жаттығуларды өткізу тәртібі мен олардың өткізілу кезеңділігі;
8) іздестіру-құтқару жөніндегі үйлестіру орталығымен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық.
8-3. Авариялық жоспарда авариялық жағдайларға тартылған барлық қатысушылардың оңтайлы ден қоюы үшін адам факторының аспектілерін есепке алу көзделеді.
1-тарау 8-3-тармақпен толықтырылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.11.2025 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Адам факторының аспектілері бойынша нұсқаулық материал адам факторы бойынша оқыту нұсқаулығында (Doc 9683) берілген.
Төтенше жағдай жоспарын әзірлеу кезінде төтенше жағдайлардың жағдайлары персонал үшін стресстік екенін ескеру қажет, сондықтан төтенше жағдай жоспары қызметкерлерге алдын ала белгіленген түрде жауап беруге мүмкіндік беретін стандартталған процедураларды қолдана отырып жасалады. Оқыту және оқыту мәселесіне қызметкерлердің іс-әрекеттерінің реакциясы мен тиімділігі төтенше жағдайда қойылған мақсаттарға жауап беруі үшін басымдық беріледі.
Оқыту және жаттығу кезінде төтенше жағдай жоспары тек техникалық құжат қана емес, сонымен қатар адамның мүмкіндіктерін және мұндай жоспар іске қосылатын ерекше жағдайларды ескеретін функционалдық процестерді қамтитыны тексеріледі. Жоспарды әзірлеу кезінде тосын факторлар қарастырылады және жойылады.
Авариялық жоспар тиісті даярлықтан өтетін барлық персоналдың назарына жеткізіледі. Тартылған персоналдың авариялық рәсімдерге қол жеткізуі қамтамасыз етіледі. Төтенше жағдайлар рәсімдері мүмкіндігінше қарапайым және әдеттегі рәсімдерге ұқсас болуы керек және нұсқаулық ретінде құрылуы керек.
8-4. Авариялық жағдайда әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы стационарлық авариялық жедел орталық пен жылжымалы командалық пунктті қамтамасыз етеді:
1-тарау 8-4-тармақпен толықтырылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.11.2025 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) авариялық жедел орталық (бұдан әрі - АЖО) стационарлық болып табылады, әуеайлақта (тікұшақ айлағында) орналастырылады. АЖО әуеайлақта (тікұшақ айлағында) немесе әуеайлаққа (тікұшақ айлағына) іргелес аумақта болған авариялық жағдай кезінде жұмыстарды жалпы үйлестіруге және оларға басшылық жасауға жауапты.
АЖО алдын ала белгіленген үй-жайда орналасады, оған тәулік бойы немесе әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жұмыс уақытында қол жеткізу қамтамасыз етіледі. АЖО орналасқан жері әуеайлақтың жұмыс алаңына және ол іске асырылатын зардап шеккен әуе кемесіне (мысалы, авариялық-құтқару станциясының бақылау пунктінде) шолуды қамтамасыз етеді.
АЖО интернет, телефон, радиобайланыс, компьютерлер, теледидар және
ойнату жүйелері сияқты құралдармен жабдықталады.
АЖО төмендегі байланыс құралдарымен жабдықталады:
жылжымалы басқару пунктімен;
ҰІАҚҚҚ өрт бөлімшесімен;
әуе қозғалысын басқару диспетчерлік пункттерімен (ұшу жетекшісімен);
әуеайлақтың қызметтері және объектілерімен;
азаматтық авиациядағы аймақтық іздестіру-құтқару үйлестіру орталығымен;
өзара әрекеттесетін ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелермен;
жергілікті әкімшілік және құқық қорғау органдарымен.
АЖО әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) схемаларымен, карталармен, Авариялық жоспармен, хабарлау схемаларымен, оқиғаларды жазуға және тіркеуге арналған журналмен қамтамасыз етіледі.
2) жылжымалы командалық пункт (бұдан әрі - ЖБП) жергілікті жерде авариялық жағдайды жою жөніндегі қызметтердің жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру үшін авариялық жағдайдың орнына тез жеткізуді қамтамасыз етуге қабілетті, өтімділігі жоғары көлік құралында құрылады.
ЖБП заманауи техникалық құралдар және құжаттармен жабдықталады, қоса алғанда:
интернет, радиотелефон, ұялы телефондар, дабыл, дауыс зорайтқыш қондырғы немесе мегафон, бинокль;
әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) координаталық схемасы, әуеайлақтың және әуеайлаққа (тікұшақ айлағына) іргелес аумақтың картасы, Авариялық жоспар және әуеайлақ жөніндегі басшылықтың тиісті бөліктері, оқиғаларды жазуға және тіркеуге арналған журнал;
кеңсе техникасы;
суреттерді түсіруге және оларды АЖО-ға жіберуге мүмкіндік беретін 360 градусқа қарайтын көліктің төбесіндегі сымсыз камера;
ыстық немесе суық ауа райында жұмыс істеуге арналған кондиционер және жылытқыш жүйесі;
жеткілікті отырғыш орындар.
ЖБП АЖО-мен, авариялық-құтқару станцияларымен, ӘҚҚ диспетчерлік пункттерімен (ұшу басшысы), әуеайлақтық өрт автомобильдерімен, әуежайдың диспетчерлік қызметімен стационарлық және/немесе тасымалданатын радиобайланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
ЖБП өзіне тән таңбалаумен белгіленеді.
АЖО және ЖБП-да орналастырылған құрылғылар мен жабдықтардың жарамдылығын үнемі тексеру қамтамасыз етіледі.
ЖБП функционалдық сынақтарға кезеңдік түрде ұшырайды.
Авариялық жоспарға сәйкес АЖО мен ЖБП басшылары тағайындалады.
8-5. Авариялық жоспарда жоспардың қойылатын талаптарға сәйкестігін мерзімді тексеру және оның тиімділігін арттыру мақсатында нәтижелерді талдау тәртібі белгіленеді
1-тарау 8-5-тармақпен толықтырылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.11.2025 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Авариялық жоспарға тиісті жабдықтары бар барлық қатысушылар кіреді.
Авариялық жоспар әуеайлақта авариялық жағдай туындаған жағдайда екі жылдан аспайтын уақыт аралықтарында толық ауқымды іс-қимылдар жүргізу және толық масштабты іс-әрекеттерді пысықтау барысында анықталған кемшіліктерді жою үшін аралық кезеңде жекелеген іс-шаралар жүргізу жолымен тексеріледі.
Авариялық жоспар кез келген анықталған кемшіліктерді жою мақсатында тексерулер жүргізілгеннен немесе нақты авариялық жағдай жойылғаннан кейін талданады.
Толық ауқымды іс-қимылдарды жүргізудің мақсаты жоспардың әртүрлі авариялық жағдайларды жоюға қойылатын талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады. Жеке іс-шараларды өткізудің мақсаты-жоспардың белгілі бір қатысушылары мен компоненттерінің, мысалы, байланыс жүйесінің жауаптарының тиімділігін қамтамасыз ету.
Іс-әрекеттерді пысықтау күндізгі уақытта ,китта және тәуліктің қараңғы уақытында және әртүрлі ауа-райы мен көріну жағдайларында жүргізіледі.
Уәкілетті ұйым ИКАО Doc 9137 әуежай қызметтері жөніндегі нұсқаулығының 7-бөлігінде келтірілген ережелерді ескере отырып, авариялық жағдайға арналған іс-шараларды жоспарлау бойынша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушылар үшін нұсқаулық материал әзірлейді.
8-6. Авариялық жоспарда азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің арнайы құтқару қызметтерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің жүзу құралдарын жедел тарту және әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ұшу-қону операцияларының едәуір бөлігі су қоймаларының және/немесе батпақты жерлердің жанында, теңіз объектілерінде, қалқымалы бұрғылау қондырғыларында орналасқан жағдайларда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мақсатында олармен іс-қимылды үйлестіру көзделеді.
1-тарау 8-6-тармақпен толықтырылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.11.2025 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Су қоймаларының және/немесе батпақты жерлердің жанында немесе қолжетімсіз аудандарда орналасқан әуеайлақтар үшін әуеайлақта (тікұшақ айлағында) авариялық жағдай туындаған жағдайда іс-шаралар жоспарында арнайы құтқару қызметтерін орналастырудың алдын ала белгіленген уақытын тұрақты негізде айқындау, тексеру және бағалау көзделуі тиіс.
Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы тиісті қызметтерді орналастырудың қолда бар мүмкіндіктерін айқындау мақсатында ҰҚЖ табалдырығынан 1000 м шегінде қонуға кіру және ұшу аймақтарын бағалауды жүргізеді.
Уәкілетті ұйым ИКАО Doc 9137 әуежай қызметтері жөніндегі нұсқаулығының 7-бөлігінде келтірілген ережелерді ескере отырып, ҰҚЖ табалдырығынан 1000 м шегінде қонуға кіру және ұшу аймақтарын бағалау бойынша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушылар үшін нұсқаулық материал әзірлейді.
8-7. Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы жұмыс алаңында немесе оған жақын жерде қозғалу қабілетін жоғалтқан әуе кемесін алып тастау жоспарын әзірлейді және мұндай қажеттілік туындаған кезде осы жоспардың орындалуына жауапты үйлестірушіні тағайындайды.
1-тарау 8-7-тармақпен толықтырылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.11.2025 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қозғалыс қабілетін жоғалтқан әуе кемесін шығарудың жоспары әуеайлақта (тікұшақ айлағында) қабылданған немесе қабылданатын әуе кемелерінің сипаттамаларына негізделеді және басқалармен қатар мыналарды қамтиды:
1) осы мақсатқа арналған әуеайлақта (тікұшақ айлағында) немесе оған тікелей жақын орналасқан жабдықтар мен персоналдың тізбесі;
2) басқа әуеайлақтардан келіп түсетін эвакуациялық-қалпына келтіру жабдықтарының жиынтығын тез алуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар.
Уәкілетті ұйым ИКАО Doc 9137 әуежай қызметтері жөніндегі нұсқаулығының 5-бөлігінде келтірілген ережелерді ескере отырып, қозғалу қабілетін жоғалтқан әуе кемесін алып тастауға қатысты әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушылар үшін нұсқаулық материал әзірлейді.
Оқиғаның заттай материалдарын сақтауды, әуе кемесін күзетуді және жоюды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 505 бұйрығымен бекітілген Азаматтық және эксперименттік авиацияда деректерді ұсыну мен авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларының ережелерін басшылыққа алу қажет (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 31 тамызда № 15597 тіркелген).
2. Авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және орындау тәртібі
9. Әуежай аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын әуежай басшысы ұйымдастырады.
Авиациялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тікелей басшылық жасау әуежай басшысының орынбасарына немесе әуежай басшысының бұйрығымен тағайындалатын басқа тұлғаға жүктеледі.
10. Авариялық-құтқару жұмыстары:
1) апатқа ұшырау жағдайындағы әуе кемесінің алдағы қонуы туралы хабар алған кезде;
2) авиациялық оқиға кезінде;
3) өзара іс-қимылдар жоспарына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдардың талаптары бойынша;
4) әуежай басшысының нұсқауы бойынша жүргізіледі.
11. АҚК штаттық және штаттан тыс құрамалардан (жасақтардан) тұрады. Азаматтық авиация ұйымының өртке қарсы қызметінің және ұшуды іздестіру авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қызметінің (бұдан әрі - ҰІАҚҚҚ) құралдары мен күштерінің құрамынан штаттық өрттен құтқару жасағы құрылады.
Әуежайдың әрбір ауысымында медициналық, әуеайлақтық, инженерлік-авиациялық қызметтердің (бұдан әрі - ИАҚ), тасымалдарды ұйымдастыру, арнайы көлік қызметтерінің, полицияның желілік бөлімі қызметкерлерінен штаттан тыс авариялық-құтқару бөлімшесі құрылады.
12. Өрттен құтқару жасағына өртке қарсы қызметтің құрамынан өрт құтқарушылар кіреді және мыналармен:
1) өрт автомобильдерімен;
2) фюзеляжды ашуға арналған аспаппен;
3) жылу шағылыстырғыш костюмдермен;
4) газдан, түтіннен қорғайтын құралдармен;
5) жолаушы креслоларының байлайтын бауларын кесуге арналған пышақтармен;
6) өрт автомобильдерін жинақтау ведомосіне сәйкес шанцтік аспаппен жарақтандырылады.
Өрттен құтқару жасақтарын жарақтандыру жергілікті жағдайға және жаңа авариялық-құтқару құралдарының келіп түсуіне байланысты өзгертіледі және толықтырылады.
Жасақтың жеке құрамының саны әуежай сыныбын негізге ала отырып, әуежайдың АҚК саны нормативімен анықталады, өрт автомобильдерінің саны әуеайлақты қажетті өрттен қорғау деңгейі санатымен анықталады.
12-1. Әуеайлақта ұшуды орындау кезінде және әуе кемесі ұшар алдында және ұшып шыққаннан кейін кемінде 15 минут ішінде әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) пайдаланушысы авариялық-құтқару және өртке қарсы Көлік құралдарын басқаруға және өнімділігі барынша жоғары жабдықты пайдалануға дайын күйдегі құтқарушы-ға оқытылған білікті персоналдың жеткілікті санының болуын қамтамасыз етеді.
1-тарау 12-1-тармақпен толықтырылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.11.2025 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ұшуды авариялық-құтқару қамтамасыз ету қызметінің персоналы ең аз әрекет ету уақытын және өрт сөндіргіш затты тиісті жылдамдықпен үздіксіз беру мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей пайдаланылады.
12-2. Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы 12-1-тармақта көрсетілген міндеттерді ескере отырып және азаматтық авиацияны ұйымдастыру саласындағы уәкілетті ұйым әзірлейтін нұсқаулық материалды пайдалана отырып, авариялық-құтқару және өртке қарсы операцияларды жүргізу кезінде талап етілетін құтқарушыға ҰІАҚҚҚ персоналдың санын айқындау үшін ресурстарға талдау жүргізеді.
1-тарау 12-2-тармақпен толықтырылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.11.2025 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бұл ретте, ҰІАҚҚҚ өрт-құтқару есебінің кезекші ауысымының ең аз штат саны әуеайлақта (бұдан әрі - КҚБ) қамтамасыз етілетін өрт қорғау деңгейі ескеріле отырып, Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілгендей айқындалады.
ҰІАҚҚҚ персоналының саны Авариялық жоспарда және әуеайлақ жөніндегі нұсқаулықта көрсетіледі.
Әдетте авариялық-құтқару операцияларында және әуе кемесіндегі өртке қарсы күресте қолданылатын өрт жеңдерін, баспалдақтарды және басқа да авариялық-құтқару және өртке қарсы жабдықтарды пайдалану үшін персоналды қамтамасыз ету қажет.
12-3. Өрт-құтқару есебі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес әуе кемесінде авариялық-құтқару операциялары және өртке қарсы күрес кезінде қолданылатын жеке қорғану құралдарымен, өрт сөндіру автомобильдерімен және өрт-техникалық қару-жарақпен және басқа да авариялық-құтқару жабдықтарымен қамтамасыз етіледі. Өрт сөндіру автомобильдерінің саны «Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) талаптарына сәйкес әуеайлақта қамтамасыз етілетін өрттен қорғау деңгейімен айқындалады.
1-тарау 12-3-тармақпен толықтырылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.11.2025 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-4. ҰІАҚҚҚ персоналы өз міндеттерін тиімді орындау үшін тиісті дайындықтан өтеді және мерзімі біткен және төгілген отынның өртенуінен туындауы мүмкін өрттерді қоса алғанда, әуеайлақта пайдаланылатын әуе кемелерінің және авариялық-құтқару және өртке қарсы жабдықтардың түрлерін ескере отырып, нақты жағдайларда өткізілетін өртке қарсы жаттығуларға қатысады.
1-тарау 12-4-тармақпен толықтырылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.11.2025 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әуеайлақтың пайдаланушысы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 187 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 қыркүйекте № 12052 болып тіркелген) бекітілген Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларының 7 және 9-қосымшаларының талаптарын ескере отырып, ҰІАҚҚҚ персоналы үшін оқу бағдарламасын әзірлейді және оқу бағдарламасында топ құрамындағы іс-қимылдарды үйлестіруді қоса алғанда, адами фактор мәселелері бойынша даярлықты қоса алғанда көздейді.
13. ИАҚ жасағы мыналарға арналған:
1) апатқа ұшыраған әуе кемесінің негізгі және авариялық шығу жолдарын ашуды қамтамасыз ету және қажеттілігіне қарай өрттен құтқару жасағымен бірлесіп қосымша шығу жолдарын жасау;
2) әуе кемесі салонын желдету;
3) әуе кемесінен және авиациялық оқиға орнынан зардап шеккендерді эвакуациялау кезінде көмек көрсету;
4) авиациялық оқиға орнынан әуе кемесін эвакуациялау.
ИАҚ жасағы авариялық-техникалық жабдықпен жарақтандырылады.
14. Тасымалдауларды ұйымдастыру қызметінің жасағы авиациялық оқиға орнынан жолаушыларды қабылдауға, есепке алуға және тасымалдауға, сондай-ақ әуе кемесінен жүктермен багажды түсіруге арналған және осы міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін техникалық құралдармен жарақтандырылады.
15. Әуеайлақ қызметінің жасағы әуе кемесінің экипажына авиациялық оқиға орнынан зардап шегушілерді эвакуациялауға, өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға өртті сөндіру мен жоюда көмек көрсетуге, сондай-ақ авиациялық оқиға орнынан әуе кемесінің ИАҚ жасағымен бірлесіп эвакуациялауға және әуеайлақтың ұшу алаңын жұмыс жағдайындағы қалпына қайтадан келтіруге арналған.
Жасақ жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін қажетті техникалық құралдармен жарақтандырылады.
16. Мамандандырылған көлік қызметінің жасағы жасақтарды авиациялық оқиға орнына немесе жиналу пунктіне уақтылы жеткізу мақсатында табельге сәйкес АҚК жасағын автокөлік құралдарымен қамтамасыз етуге арналған.
17. АҚК жасағының аға жетекшісі, болып әуежайдың ҰІАҚҚҚ бастығына бағынысты, ал авариялық-құтқару жұмыстары кезінде жұмыстардың тікелей басшысына бағынысты болатын тиісті ауысым бастықтары тағайындалады.
18. АҚК аға жетекшісі:
1) әуе айлақтың ауданын және ауданның жұмыс схемасын білуі;
2) өз жасағының жеке құрамын білуі және олармен іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу бойынша сабақтар мен жаттығулар өткізу;
3) жасақтардың қызметкерлерімен әуе кемелерінің құрастыру схемаларын (схемалар мен плакаттар болуы), авариялық-құтқару жабдықтарының орналасқан жерін және оларды жұмыс жағдайына келтіру тәсілдерін, негізгі және авариялық шығу жолдарын, фюзеляждың сыртқы қаптамасын ашу орындарын зерделеуі;
4) жасақты авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу үшін қажетті құралдармен және жарақтармен жабдықтау үшін шаралар қабылдауы;
5) кезекшілікке тұрар кезде жасақ қызметкерлерінің болуын, сондай-ақ авариялық-құтқару жабдықтар мен жарақтарының жарамдылығын және болуын тексеруі. Жасақтың дайындығы туралы азаматтық авиация ұйымының өндірістік-диспетчерлік қызметіне (бұдан әрі - ӨДҚ) және авариялық-құтқару жұмыстарының басшысына хабарлауы;
6) жасақтың авиациялық оқиға орнына немесе жиналу орнына авариялық-құтқару жарағы және техникасымен уақтылы келуін қамтамасыз етуі;
7) авиациялық оқиға орнында өз жасағының іс-қимылдарына жеке басшылықты жүзеге асыруы қажет.
19. Жасақтарды жинау үшін «Дабыл» және «Дайындық» хабардар ету сигналдары қолданылады.
Авиациялық оқиға кенеттен болған жағдайда немесе апатқа ұшыраған әуе кемесінің аталған әуеайлақта күтілетін қонуына 30 минуттан аз уақыт қалғанда «Дабыл» сигналы беріледі.
Апатқа ұшыраған әуе кемесінің аталған әуеайлақта күтілетін қонуына 30 минут және одан көп уақыт қалғанда «Дайындық» сигналы беріледі.
20. «Дабыл» сигналы бойынша АҚК барлық жасақтары өз жарақтарымен авиациялық оқиға орнына немесе хабарлаған кезде көрсетілген шаршыға нормативтік уақытта келеді және авариялық-құтқару жұмыстарына кіріседі.
21. «Дайындық» сигналы бойынша АҚК барлық жасақтары өз жарақтарымен жиналу орнына келеді және одан әрі авариялық-құтқару жұмыстары басшысының бұйрығын күтеді.
22. «Дабыл» немесе «Дайындық» сигналдарын беру туралы шешім қабылдауды:
1) әуеайлақ ауданындағы әуе қозғалысына тікелей басқаруды жүзеге асыратын диспетчер;
2) ұшу басшысы;
3) әуежайдың басшысы;
4) әуежайдың ҰІАҚҚҚ басшысы жүзеге асырады.
23. «Дабыл» немесе «Дайындық» сигналдарын хабарлау қозғалыс қызметі «Керней» типті арнайы хабарлау аппаратурасын немесе белгіленген хабарлау схемасына сәйкес АҚК барлық жасақтарына бір уақытта хабарлаудың басқа да типті хабарлау жүйесін қолданумен немесе айналымдық байланыс бойынша жүзеге асырады.
Жасақтарды хабардар ету уақыты 25 секундтан аспауы тиіс. Әрбір әуежайда қайталанатын хабарлау жүйесі көзделеді.
Хабарлау кезінде:
1) апатқа ұшыраған әуе кемесінің нөмірі және типі;
2) оқиға сипаттамасы;
3) авиациялық оқиға болған шаршы нөмірі (координаталық кесте бойынша әуеайлақ және оның маңы аумағының схемасына);
4) әуе кемесінің бортындағы жолаушылар саны;
5) әуе кемесінің бортындағы жүктің болуы, сипаттамасы және қауіптілік дәрежесі көрсетіледі.
Қосымша деректер мен ақпараттың алынуына қарай, жиналу орнына қозғалған кезде АҚК жасақтарына олар радио арқылы хабарланады.
24. «Дабыл» немесе «Дайындық» сигналдарын қабылдағандығы туралы растауды АҚК штаттық және штаттан тыс жасақтарының басшылары ӨДҚ арқылы авариялық-құтқару жұмыстарының басшысына баяндайды.
Авариялық-құтқару күштері мен құралдарының дайындығы туралы растаудың түсуіне қарай, авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы әуежай басшысына авариялық-құтқару күштері мен құралдарының жұмысқа дайындығы туралы баяндайды.
25. Өзара іс-қимылдағы күштер мен құралдарды шақыру авариялық-құтқару жұмыстары басшысының нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.
26. Авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы «Дабыл» немесе «Дайындық» сигналдарын алғаннан кейін:
1) әуе қозғалысын басқарушы диспетчермен (ұшулардың басшысымен) байланыс орнату және жағдайды нақтылауы;
2) авиациялық оқиға орнына 5 минуттан аспайтын уақытта келуі (ұшу және қону курсы бойынша ұшу-қону жолағының шет жағынан оның 1000 м шамасында қашықтықта болуы);
3) жағдайды бағалау, авариялық-құтқару күштері мен құралдарының жеткіліктілігін талдау. Қажеттілігіне қарай өзара іс-қимылдағы күштер мен құралдарды шақыру туралы нұсқау беруі;
4) АҚК жасақтарының және тартылған қосымша күштер мен құралдардың іс-қимылдарын тікелей басқару және олардың іс-қимылдарын реттеуді жүзеге асыра отырып, авариялық-құтқару жұмыстарын өткізуде тиімділік пен ұйымдастырушылықты қамтамасыз етуі;
5) оқиға орнына коршау және жүргізіліп жатқан жұмыстардың хронометражын ұйымдастыруы;
6) әуежай басшысына авариялық-құтқару жұмыстарының барысы және қажетті көмек туралы баяндауы қажет.
27. Авиациялық оқиға орнында АҚК, егер жағдай мүмкіндік берсе, авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы құтқарушылар мен экипаждың іс-үйлестіру мақсатында, апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажымен радио немесе желі байланысын (ұшақтық-сөйлесу қондырғысы бойынша) орнатады.
Жолаушылар мен экипажды құтқару үшін барлық жағдайда ең алдымен борттық авариялық-құтқару жабдығының барлық кешені: басқыштар, арқандар, науалар және басқа да авариялық-құтқару жабдықтары пайдаланылады.
28. Авиациялық оқиға орнында өрттен құтқару жасағы мен құтқарушылардың іс-қимылдарына:
1) егер алынып тасталған немесе ақауы бар шассилі әуе кемесінің қонуы күтілген болса, ұшу-қону алаңын көбік қабатымен жабу арқылы дайындау. Ұшу-қону алаңын көбікпен жабу туралы шешімді, қажетті уақыт пен жабдықтың жеткіліктілігін негізге ала отырып, авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы қабылдайды;
2) салондағы температураны төмендету мақсатында бір уақытта фюзеляжды салқындатумен әуе кемесіндегі өртті сөндіру;
3) авариялық шығу жолдарын ашу және қажет болған жағдайда фюзеляждың сыртқы қаптамасын ашу;
4) фюзеляждың ішіне кіру, шығу жолдары, ойылған орындар, ойықтар арқылы адамдарды босату және оларды әуе кемесінен эвакуациялау кіреді.
29. Авариялық әуе кемесінен жолаушыларды эвакуациялау бойынша ИАҚ жасағының іс-қимылына мыналар кіреді:
1) негізгі және авариялық шығу жолдарын, ал олар қарысып қалған жағдайда тиісті техникалық құралдар (дискілі ара, балталар және басқа да жарақтар) көмегімен белгілеген орындарда фюзеляжды ашу;
2) әуе кемесінің бортына өту және жердегі немесе борттық авариялық басқыштарды және басқа да эвакуациялау құралдарын орнату;
3) әуе кемесін тастап шығуда экипаж мүшелері мен жолаушыларға көмек корсету және өз бетімен қозғалуға қабілетсіз адамдарды эвакуациялау.
30. Авариялық әуе кемесінде өртті сөндіру мен одан адамдарды эвакуациялау кезінде мынадай қауіпсіздік шаралары сақталуы тиіс:
1) фюзеляжды ашу және әуе кемесінен зардап шеккендерді шығару кезінде АҚК жеке құрамын зақымдамау және зардап шеккендерге қосымша жарақат түсірмеу үшін сақтық шаралары сақталуы тиіс;
2) өртті сөндіру және эвакуациялау кезінде АҚК жасағының жеке құрамы қорғану жарағын қолдануы тиіс (жылу қорғағыш костюмдер, тыныс алу аппараттары);
3) әуе кемесінен адамдарды эвакуациялау процесінде өрттен құтқару жасағының жеке құрамы өрттің қалған ошақтарының таралып кетуінің алдын алып, оған бақылау жасауды қамтамасыз етеді;
4) жолаушылар мен экипаж мүшелерін эвакуациялағаннан кейін өрттен құтқару жасағы өрттің қалған ошақтарын өшіріп, әуе кемесінің бортында ешкімнің қалмағанына көз жеткізу үшін жолаушы салондарының және экипаж кабинасының, ас бөлмесінің, дәретхананың, багаж үй-жайының және гардеробтың көрінбейтін орындарын тексеруі тиіс;
5) жарақат алған жолаушылар мен экипаж мүшелері қауіпсіз орынға (жанып жатқан әуе кемесінен 100 м жақын емес жел жағына) эвакуациялануы тиіс. Эвакуациялаудың қауіпсіз орнын медициналық жасақтың аға жетекшісімен бірге авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы анықтайды;
6) егер жолаушылар саны және экипаж құрамы туралы мәліметтер болса, оларды әуе кемесінен эвакуацияланғандар санымен салыстыру қажет. Айырмашылықтар болған жағдайда, барлық зардап шеккендерді тапқанша іздестіруді жалғастыру қажет;
7) өрттен құтқару және медициналық жасақтар оқиға орнында авариялық-құтқару жұмыстары толық аяқталғанға дейін болуы тиіс.
31. Медициналық жасақтың аға жетекшісі «Дабыл» немесе «Дайындық» сигналдарын алғаннан кейін:
1) авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы арқылы жағдайды нақтылағаннан кейін денсаулық сақтау органдарының өзара іс-қимыл жасайтын күштері мен құралдарын шақырады;
2) құралдарымен шабаданды тиеуді ұйымдастырады;
3) есірткі препараттары салынған буманы (егер ол бөлек сақталса), фургон кілті мен эвакуациялау жоспарын алып қояды;
4) оқиға орнына келеді;
5) авариялық-құтқару жұмыстарының басшысымен бірге зардап шеккендерді жинау пункті үшін орын (әуе кемесінен 100 м жақын емес) таңдайды және танымдық белгілерді қояды;
6) қажеттілігіне қарай, авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы арқылы әуежай үй-жайларында зардап шеккендерді уақытша жинақтау пункттерін ұйымдастырады;
7) зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жөніндегі медициналық жасақтың жұмысын ұйымдастырады, осы жұмысқа тікелей қатысады;
8) зардап шеккендерді көлікпен эвакуациялаудағы сұрыптауды басқарады;
9) сыртқы жағдайлардың жағымсыз әрекетінен зардап шеккендерді қорғау жөнінде шаралар қабылдайды;
10) қаза болған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің мәйіттерін жинау орнын анықтайды;
11) авариялық-құтқару жұмыстары басшысымен тұрақты байланысты орнатады және жұмыс барысы туралы оған ақпарат береді.
32. Суда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жағалаудағы әуежайларда:
1) ұшу және қонуға отыру су үстінде жүргізілетін әуеайлақтарда қажетті катер санымен суда құтқару станциялары;
2) суда құтқару құралдары (салдар, жилеттер, құтқару дөңгелектері, қол прожекторлар және мегафондар) болады.
Судан құтқару станцияларының жеке құрамы суда апатқа ұшырағандарды құтқару тәсілдері және оларға алғашқы көмек көрсету бойынша арнайы оқудан өтеді.
33. Су астында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін сүңгуір құрамалары (шарт бойынша) тартылуы қажет.
34. Суда апатқа ұшырағандарды іздестіру және құтқару кезінде олардың оқиға орнынан ағыспен немесе желмен алып кетуі мүмкін екендігін естен шығармау керек.
35. Әуе кемесінің және оның бөліктерінің батқан орнын анықтау мақсатында буйлармен белгіленуі тиіс.
36. Әуежайларда ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз етуге қатысатын мамандарды даярлау азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады.
37. ҰІАҚҚҚ бағдарламаларына сәйкес әуежайлар алдағы оқу жылына тақырыптық жоспарлар әзірлейді, оларда АҚК-нің техникалық жарақталуы ескерілген, АҚК жеке құрамын оқытудың тәртібі және дәйектілігі белгіленеді.
38. Теориялық сабақтар мен практикалық жаттығулар өткізу үшін және оның тиімділігін көтеру мен нақты жағдайларға барынша жақындау мақсатында әрбір әуежайда оқу-техникалық база құрылады (жабдықталған сынып, полигон, түтінді камера, есептен шығарылған әуе кемесі және т.б.).
39. Әуежайдың ҰІАҚҚҚ басшысы жаттығулар мен оқулар өткізудің кестесін жасайды, оларды өткізудің жоспарларын әзірлейді оның процесінде жеке құрамның іс-қимылына талдау жасалатын талқылау жүргізеді және оларға баға береді.
Оқулар жылына кемінде 1 рет өткізіледі.
Жаттығулар:
1) өрттен құтқару және медициналық жасақтарымен айына 1 рет;
2) АҚК қалған (штаттан тыс) жасақтарымен - тоқсан сайын;
3) АҚК-мен (әр ауысымда) - жылына 2 рет өткізіледі.
Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидаларына 1-қосымша
Осы Қағидалар 1-қосымшамен толықтырылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.11.2025 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҰІАҚҚҚ құтқару-өрт сөндіру есебінің кезекші ауысымының ең аз штат саны
|
ӨҚҚД санаты |
Әуеайлақтық өрт сөндіру автомобильдерінің саны, бірлік (бұдан әрі – ӘӨА) |
ҰІАҚҚҚ құтқару-өрт сөндіру есебінің кезекші ауысымының ең аз саны, адам |
|
1 |
1 |
4 |
|
2 |
1 |
4 |
|
3 |
1 |
4 |
|
4 |
2 |
8 |
|
5 |
2 |
8 |
|
6 |
3 |
12 |
|
7 |
3 |
12 |
|
8 |
4 |
16 |
|
9 |
5 |
20 |
|
10 |
5 |
20 |
Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидаларына 2-қосымша
Осы Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды ҚР Көлік министрінің м.а. 13.11.2025 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әуеайлақтық өрт сөндіру автомобильінің жеке қорғаныс құралдарының, өрт техникасын жабдықтаудың және авариялық-құтқару жабдықтарының ең аз тізбесі
|
Өрт-техникалық қару-жарақ пен құтқару жабдығының атауы |
Өнімдер саны |
|||
|
1. Жеке қорғаныс құралдары: |
||||
|
Сығылған ауа және құтқару құрылғысы бар тыныс алу аппараты, дана |
1 әрбір өрт сөндірушіге және 1 резервтік |
|||
|
Резервтік баллон, дана |
сығылған ауасы бар әрбір аппарат үшін |
|||
|
Диэлектрлік жинақ (қолғап, бот, қайшы) |
1 |
|||
|
Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі, жиынтығы (дулыға, күрте, шалбар, отқа төзімді су өткізбейтін аяқ киім, карабині бар өрт сөндірушінің белдігі, өрт сөндірушінің балтасы |
Әрбір өрт сөндіруші құтқарушыға |
|||
|
жылу шағылыстыратын костюм |
3 |
|||
|
Жылулық бейнелеу камерасы (6-10 санаттағы ОҚДС үшін) |
1 |
|||
|
2. Байланыс құралдары: |
||||
|
Арнайы дауыс зорайтқыш құрылғы, дана |
1 |
|||
|
автомобильде орнатылатын мобильді радиостанция, дана |
1 |
|||
|
портативті қол радиостанциясы, дана |
3 |
|||
|
3. Өртті сөндіруге арналған қару-жарақ: |
||||
|
Су жинағыш 125, дана |
1 |
|||
|
Орташа еселік көбік генераторы, дана |
4 |
|||
|
Байланыстырушы бастар |
|
|||
|
Жеңді кідірту, дана |
4 |
|||
|
Қысқыш |
4 |
|||
|
Жең кілті (барлық өлшемдер) |
2 |
|||
|
Су қабылдау өрт бағанасы, дана |
1 |
|||
|
Өрт гидрантының кілті, дана |
1 |
|||
|
Гидрант қақпағын ашуға арналған ілмек, дана |
1 |
|||
|
Полимерлі материалдардан жасалған жеңді көпір, дана |
2 |
|||
|
ОП-8 өрт сөндіргіш, дана |
2 |
|||
|
ОУ-5 өрт сөндіргіш, дана |
1 |
|||
|
Тармақталу D 70, дана |
2 |
|||
|
Тармақталу D 80, дана |
2 |
|||
|
|
Жалғағыш арматурасы бар қысымды жең, дана: |
|||
|
D 50 (51), ұзындығы кемінде 20 м |
6 |
|||
|
D 65 (66), ұзындығы кемінде 20 м |
4 |
|||
|
D 80 (77), ұзындығы кемінде 4 м |
2 |
|||
|
В-1-125 D 125 сорғыш жең, ұзындығы кемінде 4 м, дана |
2 |
|||
|
Ұзындығы кемінде 4 м D 75 қысымды-сорғыш жең, дана |
2 |
|||
|
қалқымалы және нейлон арқанмен D 125 торы D 11-ден кем емес және ұзындығы 12 м-ден кем емес, дана |
1 |
|||
|
Реттелетін су шығыны кемінде 2 л / с болатын әмбебап қол құрама оқпан, дана: D 50; D70 |
2 2 |
|||
|
Бөшке-тескіш, дана |
2 |
|||
|
Көбік генераторы, дана |
2 |
|||
|
Көбік оқпаны төмен еселік, дана |
2 |
|||
|
Газ немесе ұнтақты сөндіру қондырғысы, дана |
1 |
|||
|
4. Құтқару жабдықтары: |
||||
|
Ұзындығы кемінде 30 м өрт сөндіру құтқару арқан, қаптамада, дана |
1 |
|||
|
Максималды өлшемдегі пайдаланылатын ұшақпен пайдалануға жарамды тартылатын құтқару баспалдақтары, дана. |
1 |
|||
|
Адамдарды құтқаруға арналған жалпы мақсаттағы баспалдақ, дана |
1 |
|||
|
5. Авариялық-құтқару құралы: |
||||
|
Қолмен механикаландырылмаған құрал: |
||||
|
Кесетін ұшы бар күшпен енуге арналған көпфункционалды құрал, дана |
1 |
|||
|
тұтас металл багор, дана |
1 |
|||
|
салмағы 5 кг балға, дана |
1 |
|||
|
жеңіл сынықтар, дана |
1 |
|||
|
ауыр сынықтар, дана |
1 |
|||
|
әмбебап сынықтар, дана |
1 |
|||
|
шанышқы күрек, дана |
1 |
|||
|
қауіпсіздік белдіктеріне арналған пышақ (кескіш), дана |
Әрбір құтқарушыға |
|||
|
ағаш ұстасы, дана |
1 |
|||
|
ағаш ұстасы балта, дана |
1 |
|||
|
Қолмен механикаландырылған құрал: |
||||
|
гидравликалық домкрат, дана |
1 |
|||
|
әуе кемесінің фюзеляжын ашуға арналған гидравликалық авариялық-құтқару құралдарының жиынтығы |
1 |
|||
|
Кері аралау |
1 |
|||
|
жетегі бар дискілі кескіш, дана |
1 |
|||
|
6. Электр қуаты жабдықтары: |
||||
|
Электр, аккумуляторлық, топтық фонарь , дана Жеке фонарь, дана |
1 Әрбір құтқарушыға |
|||
|
7. Санитарлық жабдықтар: |
||||
|
алғашқы көмек көрсету үшін төсеу, дана. |
1 |
|||
|
зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге арналған алғашқы көмек қобдишасы, дана |
1 |
|||
|
қорғаныс шапаны-зембіл, дана |
1 |
|||
|
отқа төзімді кенептен жасалған көрпе, дана |
1 |
|||
|
8. Басқа жабдықтар және жиынтықтау: |
||||
|
сүйреткіш арқан, дана |
1 |
|||
|
авариялық тоқтату белгісі, дана |
1 |
|||
|
шасси дайындаушының ведомосіне сәйкес құрал-саймандар мен керек-жарақтар, дана |
1 |
|||
|
сыйымдылығы 5 л су құтысы, дана. |
1 |
|||
|
сыйымдылығы 10 л отынға арналған канистр, дана |
1 |
|||
|
тебуге қарсы қалып, дана |
2 |
|||
|
қоршау конусы, дана |
4 |
|||
|
9. Жұмыс құжаттамасы: |
||||
|
әуеайлақтың графикалық жоспары |
1 |
|||
|
әуеайлақ ауданының картасы |
1 |
|||
|
техникалық қару-жарақтың өрт сөндіру тізімдемесі, дана |
1 |
|||

Бұл мүмкіндік тек қана тіркелген пайдаланушыларға беріледі. Өтініш, кіріңіз немесе тіркеліңіз. |
|
| Тіркелу | |