«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 3, 7-тармақтарына сәйкес қаулы етемін:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру шаралары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 Жарлығы
Редакция 01.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 3, 7-тармақтарына сәйкес қаулы етемін:
1. «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты (бұдан әрі – Аппарат) туралы ереже;
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 18.03.2019 жылғы № 880 Жарлығына сәйкес (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)
3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасымен, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесімен және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №137 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты (бұдан әрі – Аппарат) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
3. Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Аппаратқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Аппарат өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Аппарат басшысының өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
7. Аппараттың құрылымын Кеңестің Төрағасы бекітеді. Аппараттың жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.03.2019 жылғы № 880 Жарлығына сәйкес (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)
8. Аппараттың заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 1В-кіреберіс.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 14.03.2017 жылғы № 446 Жарлығына сәйкес (23.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.09.2019 жылғы № 151 Жарлығына сәйкес (18.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.04.2023 жылғы № 195 Жарлығына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Аппараттың толық атауы – «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Аппараттың қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Аппаратқа өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау жөнінде кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
2-тарау. Аппараттың міндеттері мен өкілеттіктері
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
13. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
13-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
14. Аппараттың негізгі міндеті Кеңестің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.
15. Функциялары:
1) Кеңестің өкілеттігін қозғайтын мәселелер бойынша Төрағаны және Кеңес мүшелерін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету;
2) Кеңестің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
3) заңнамаға сәйкес Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясының қызметін қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының Президентіне Кеңестің жұмысы және сот жүйесіндегі кадр жұмысының жай-күйі туралы ақпарат дайындау;
5) Кеңестің отырыстарын дайындауды қамтамасыз ету;
6) Кеңес қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету (бақылау);
6-1) Кеңестің судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеуі кепілдіктерін қамтамасыз етуі жөніндегі жұмысын ұйымдастыру;
15-тармақ 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес
7) Кеңестің аудандық және оған теңестірілген сот (бұдан әрі – аудандық сот) судьясының, облыстық және оған теңестірілген соттың (бұдан әрі – облыстық сот) сот алқасы төрағасының, судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына орналасуға конкурстық іріктеуді өткізуін ұйымдастыру;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.03.2019 жылғы № 880 Жарлығына сәйкес (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) 7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) аудандық сот төрағасының, судьясының, облыстық соттың сот алқасы төрағасының, судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос орнына орналасуға арналған конкурсқа қатысатын адамдардың құжаттарын қойылған талаптарға сәйкес келу мәніне алдын ала қарау;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.03.2019 жылғы № 880 Жарлығына сәйкес (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) 8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-1) Кеңестің аудандық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидаттарды өз кандидатурасын дербес ұсынған адамдар және (немесе) кадр резервінде тұрған адамдар қатарынан іріктеуін ұйымдастыру;
15-тармақ 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығына сәйкес
9) Кеңестің қарауына шығарылатын ұйымдық-кадрлық және басқа да мәселелер бойынша, оның ішінде Кеңестің:
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) 9-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 18.03.2019 жылғы № 880 Жарлығымен (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) 9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 9-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 18.12.2024 жылғы № 736 Жарлығымен (13.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларға қатысты Жоғарғы Сот Төрағасының ұсыныстарын;
аудандық соттар төрағаларының бос лауазымдарына сайланған адамдарға қатысты облыстық соттардың кеңейтілген жалпы отырыстарының қорытындыларын;
Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатураларды;
конкурстан тыс тәртіппен Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидатураларды;
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында көзделген жағдайларда судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды конкурссыз тағайындау мәселелерін;
Жоғарғы Сот Төрағасының, сот алқалары төрағаларының және судьяларының, жергілікті және басқа соттар төрағаларының, сот алқалары төрағаларының және судьяларының отставка нысанында өкілеттіктерін тоқтату, отставканы тоқтату мәселелерін;
сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайтылған жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда судья басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқарып отырған лауазымынан босату мәселелерін;
сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, өкілеттіктер мерзімі өткен жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот төрағасы, сот алқасының төрағасы басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқарып отырған лауазымынан босату мәселелерін;
Жоғарғы Сот судьяларының саны азайтылған жағдайда, егер Жоғарғы Соттың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда Жоғарғы Соттың судьясы басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқарып отырған лауазымынан босату мәселелерін;
өкілеттіктер мерзімі өткен жағдайларда, егер Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқарып отырған лауазымынан босату мәселелерін;
Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия) шешімі негізінде кәсіби жарамсыздығына орай, сондай-ақ судья өкілеттіктерін өз тілегі бойынша тоқтатқан, судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және оны басқа жұмысқа ауыстырған, зейнеткерлік жасқа немесе судья лауазымында болудың шекті жасына толған жағдайларда атқарып отырған лауазымынан босату мәселелерін;
медициналық қорытындыға сәйкес кәсіби міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайына байланысты судья өкілеттіктерін тоқтатқан, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы соттың шешімі, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген, қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша сотқа дейінгі сатыда тоқтатылған, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған, судья қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы соттың шешімі заңды күшіне енген жағдайларда Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын атқарып отырған лауазымынан босату мәселелерін;
тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін Сот жюриі шешімінің негізінде Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын атқарып отырған лауазымынан босату мәселелерін;
зейнеткерлік жасқа немесе шекті жасқа толғаннан кейін судья лауазымында болу мерзімін ұзарту мәселелерін;
сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган басшысының лауазымына кандидатты тағайындауға және оны лауазымынан босатуға келісім беру туралы Жоғарғы Сот Төрағасының ұсыныстарын;
Сот жюриі және Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімдеріне судьялардың шағым жасау туралы өтініштерін;
Қазақстан Республикасының Президентіне судьяны ұстап алуға, күзетпен ұстауға не үйқамаққа алуға, оны күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, судьяны қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы мәселені шешу үшін қорытынды ұсыну туралы мәселелерді;
судьялардың жалпы штат санын, әрбір жергілікті және басқа соттың судьялар санын белгілеуге келісім беру туралы мәселелерді;
аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының, сот алқалары төрағаларының және судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының және судьясының лауазымына кадр резервін (бұдан әрі – кадр резерві) жасақтау мәселелерін қарауы бойынша талдамалық және өзге де материалдарды дайындау;
10) жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен алқа төрағаларын, судьяларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы жарлықтардың жобаларын әзірлеу;
10-1) Сот жюриінің, Кадр резерві жөніндегі комиссияның, Біліктілік комиссиясының, Конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз ету;
15-тармақ 10-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 18.03.2019 жылғы № 880 Жарлығына сәйкес 10-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
11) сот жүйесін және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
11-1) Кеңестің судья корпусының сапалық құрамын жақсарту, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, судьялардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметін қамтамасыз ету;
15-тармақ 11-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес
11-2) Кеңес регламентінің жобасын дайындау;
15-тармақ 11-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес
12) судья болып жұмыс істеуге ниет білдірген азаматтардан біліктілік емтихандарын қабылдау, судья лауазымына орналасу үшін біліктілік емтихандарын тапсырған, Кеңестің ұсынымын алған, соттарда тағылымдамадан өткен және облыстық соттардың және оларға теңестірілген соттардың жалпы отырыстарының қорытындыларын алған, сондай-ақ Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясын аяқтаған адамдардың есебін жүргізу бойынша Кеңестің өкілеттіктерін қамтамасыз ету;
12-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) 12-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.03.2019 жылғы № 880 Жарлығына сәйкес (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) 12-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығымен (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
12-1) жыл сайынғы Сот жүйесіндегі судья кадрларының жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және оны Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну, оның кейін жариялауын қамтамасыз ету бойынша Кеңес өкілеттігін қамтамасыз ету
15-тармақ 12-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 18.03.2019 жылғы № 880 Жарлығына сәйкес
13) судьялардың электрондық дербес есебін жүргізу бойынша Кеңестің өкілеттіктерін қамтамасыз ету;
14) Кеңестің басқа да мемлекеттік органдармен, басқа мемлекеттердің органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
14-1) Кеңестің:
14-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) 14-1-тармақшаның бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.03.2019 жылғы № 880 Жарлығына сәйкес (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) 14-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру тәртібін;
Кеңес жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссия төрағасының кандидатурасы мен комиссия құрамын;
Кеңес жанындағы Сот жюриі құрамын бекіту жөніндегі жұмысын ұйымдастыру;
14-2) Кеңестің:
14-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
судьялыққа кандидаттардың психологиялық тесттен өту тәртібін айқындау;
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссияның төрағасы мен комиссия құрамын;
14-1-тармақшаның үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.03.2019 жылғы № 880 Жарлығына сәйкес (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриі құрамын бекіту жөніндегі жұмысын ұйымдастыру;
14-1-тармақша төртінші абзацпен толықтырылды ҚР Президентінің 18.03.2019 жылғы № 880 Жарлығына сәйкес
Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы ережені бекіту жөніндегі жұмысын ұйымдастыру;
15) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
15-1) Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының бюджеттік шығыстарын қарау, келісу және бекіту;
15-тармақ 15-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығына сәйкес
15-2) Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды келісу;
15-тармақ 15-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығына сәйкес
15-3) сот оқуы, судьялардың біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
15-тармақ 15-3-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығына сәйкес
16) Аппаратқа Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан, ұйымдардан және азаматтардан қажетті құжаттар мен материалдарды белгіленген тәртіппен сұрату;
2) мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорын белгіленген тәртіппен пайдалану;
3) Аппаратқа жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3-тарау. Аппарат басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
17. Аппаратқа басшылықты басшы жүзеге асырады, ол Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуы және оның функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Аппарат басшысы лауазымы бойынша Кеңестің хатшысы болып табылады.
18. Аппарат басшысын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
18-1. Аппарат басшысының орынбасарлары болуы мүмкін, оларды Аппарат басшысының ұсынуы бойынша Кеңес Төрағасы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
3-тарау 18-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығына сәйкес 18-1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 13.06.2024 жылғы № 570 Жарлығымен (31.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Аппарат басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
19. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
19-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
20. Аппарат басшысының өкілеттіктері:
20-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1) Аппараттың қызметін ұйымдастырады;
2) Кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша алдағы отырыстың қарауына шығарылатын мәселелердің тізбесін қалыптастырады және бұл туралы Төрағаға күні бұрын баяндайды;
3) отырыс хаттамаларының, Кеңес қабылдаған ұсынымдардың, қорытындылар мен хаттамалық шешімдердің үзінді көшірмелеріне қолын қойып растайды;
4) қажет болған кезде тексеру ұйымдастырады;
5) Кеңес отырысына шақырылатын адамдардың тізімін айқындайды және олардың келуін қамтамасыз етеді;
6) Төрағаның өкімдерін және Кеңестің шешімдерін орындайды;
7) Кеңестің ғалым заңгерлер және адвокаттар қатарынан мүшелерінің лауазымдық айлықақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекітеді;
8) Аппаратқа басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
9) Аппараттың қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
10) Кеңес Төрағасымен келісу бойынша Аппараттың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
11) Аппаратта атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын бақылайды;
12) Кеңестің мемлекеттік сатып алу саласына басшылықты жүзеге асырады, оның ішінде төлем шоттарына қол қояды;
13) Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының штат кестесін келіседі;
14) Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекітеді;
15) Кеңес қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және оның өткізілуіне жауап береді;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Аппарат қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
17) Аппараттың құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
18) Аппарат қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мен сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
19) Аппарат қызметкерлерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
20) бюджеттік өтінімді дайындауды, бюджеттік өтінімді Кеңес Төрағасына ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік процестің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
21) Кеңес органын қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
22) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынаста өз құзыреті шегінде Кеңестің атынан өкілдік етеді;
23) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз етеді;
24) Кеңес жұмысының ұйымдастырылуын жақсартуға бағытталған шараларды қолданады, Кеңес шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
25) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастырады;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларды орындайды.
Аппарат басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
4-тарау. Аппараттың мүлкі
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
21. Заңнамада көзделген жағдайларда Аппараттың жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Аппараттың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.
22. Аппаратқа бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Аппарат өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5-тарау. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату
5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
25. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының ҚҰРЫЛЫМЫ
Құрылым өзгертілді ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығымен (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – басшы
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің және оның жанындағы Біліктілік комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бөлімі
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Әкімшілік бөлім
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №137 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
« Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты 25»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
« Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты 13».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (10.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
4. «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 533 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 52-құжат):
1-тармақтағы «369» цифрлары «368» цифрларымен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымында:
төртінші жол алып тасталсын.
5. «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралыережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының (бұдан әрі – Мемлекеттік хатшы), Қазақстан халқы Ассамблеясының және Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;»;
22-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) Мемлекеттік хатшының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз етуді, олардың шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Әкімшіліктің құрылымына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы (бұдан әрі – Әкімшілік Басшысы), Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Әкімшілік Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен өзге де қызметкерлері кіреді.».
24-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) тұрақты негізде Әкімшіліктің Парламентпен, оның Палаталарымен, Парламент Палаталарының жұмыс органдарымен және аппараттарымен; Үкіметпен және Премьер-Министр Кеңсесімен; министрліктермен және өзге де орталық атқарушы органдармен; Конституциялық Кеңеспен; Жоғарғы Сотпен; Жоғары Сот Кеңесімен, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерімен, мәслихаттарымен; саяси партиялармен және өзге де қоғамдық бірлестіктермен; бұқаралық ақпарат құралдарымен; жеке және заңды тұлғалармен байланысын қамтамасыз етеді;»;
32-тармақта:
1) тармақша мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесіне судья лауазымына кандидаттарды іріктеумен байланысты емес мәселелер бойынша;»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерге: Әкімшілік Басшысының орынбасарлары, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Президенттің көмекшілері, Президент Кеңсесінің бастығы, Президенттің кеңесшілері ие болады.».
6. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саны туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы № 3315 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы:
жоғарыда аталған Жарлықтың 2) тармақшасының 1-тармағында:
мынадай жол:
« Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), оның ішінде: облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдар (сот кеңселері) 6233 6005»
мынадай редакцияда жазылсын:
« Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), оның ішінде: облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдар (сот кеңселері) 6221 5993».
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |