Bestprofi Logo

Бұйрық № 50 от 2015-03-30г./Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 12.02.2018 г.

Документ на казахском языке

Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 50 бұйрығы

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Бас Прокурорының 12.12.2018 жылғы № 19 Бұйрығына сәйкес, 126-1 – 126-16-тармақтарынан бөлек, олар 01.01.2018 жылға дейін қолданылды

Қылмыстық қудалау органдарының заңдарды қолдануына прокурорлық қадағалауды тиісті ұйымдастыру мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа қосымша баяндалған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының кейбір актілерінің күші жойылсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Н.М. Исаевқа жүктелсін.

4. Бұйрық Бас әскери прокурорына, Бас көлік прокурорына, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың, қаланың, ауданның және оған теңестірілген прокурорларына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мекемелері мен ведомстволарының басшыларына жіберілсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А. Дауылбаев

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 30 наурыз № 50 бұйрығымен бекітілген

Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ережелер

1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, қылмыстық-процестік және өзге де заңнаманың негізінде қылмыстық қудалау органдарының актілері мен қызметінің заңдылығын, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды шешудің және сотқа дейінгі тергеу жүргізудің заңнамада белгіленген тәртібінің сақталуын қадағалауды (бұдан әрі - қадағалау) ұйымдастыру мен жүзеге асыруды регламенттейді.

2. Қадағалаудың негізгі міндеті сотқа дейінгі іс жүргізу барысында заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады.

3. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қадағалаудың тұрақты басым бағыттары:

3-тармақ өзгертілді ҚР Бас Прокурорының 30.12.2015 жылғы № 166 Бұйрығымен (30.09.2015 ж. редакцияны қараңыз)

1) қылмыстық процесте адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштерін қарау кезінде заңдылықты сақтау;

3) қылмыстық құқық бұзушылықтармен келтірілген зиянды өтетуге қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады.

Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалауға жетекшілік жасайтын Бас Прокурордың орынбасары, Бас Прокурордың келісуімен жыл сайын, 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде алдағы жылға арналған бірінші кезектегі бағыттардың тізілімін бекітеді (басты бағыттар).

3-тармақша екінші абзацпен толықтырылды ҚР Бас Прокурорының 30.12.2015 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес

Көрсетілген мерзімде барлық қадағалау қызметі осы бағыттарды жүзеге асыруға жұмылдырылады.

3-тармақша үшінші абзацпен толықтырылды ҚР Бас Прокурорының 30.12.2015 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес

4. Қадағалау қызметін ұйымдастыру аймақтық-тақырыптық қағидат бойынша жүзеге асырылады.

5. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) прокуратура органының басшысы - өз құзыреті шегінде әрекет ететін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оған теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының департамент (басқарма) бастықтары, сондай-ақ аудандардың, қалалардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары;

2) қадағалаушы прокурор - қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында заңнаманың сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурор;

3) процесс прокуроры - Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (бұдан әрі - ҚПК) сәйкес және осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен прокуратура органының басшысы сотқа дейінгі тергеу басталған сәттен бастап қылмыстық іс бойынша қадағалауды және мемлекеттік айыптаушы ретінде бірінші сатыдағы сотқа қатысуды жүктеген прокурор;

4) кезекші прокурор - қылмыстық қудалау органында кезекшілікті жүзеге асыратын қадағалау саласы бойынша прокурор, аға прокурор, аудан (қала) прокурорының және оған теңестірілген прокурордың орынбасары, облыстық прокуратураның және оған теңестірілген прокуратураның бөлімдегі (басқармадағы) аға прокуроры, прокуроры;

5) арнайы прокурор - сотқа дейінгі, оның ішінде тергеу және тергеу-жедел топтарына жетекшілік ету жолымен тергеуді жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлға;

6) уәкілетті прокурор - есептік-тіркеу тәртібінің заңдылығын қадағалауды тікелей жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі - ҚСжАЕК) және оның аумақтық органдарының қызметкері;

7) есептік-тіркеу тәртібі - құқықтық статистика субъектілерінің қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды қабылдау және тіркеу тәртібі мен ақпараттық есептік құжаттарды шығару мерзімдерін реттейтін, белгіленген нормалар мен қағидаларды міндетті түрде сақтауы;

8) статистикалық берешек - электрондық ақпараттық есептік құжаттарды шығармау не уақытында шығармау.

9) талдау дегеніміз - зерттеу нысанын ойша жіктеп бөліп және олардың арасындағы өзара байланысты анықтауды білдіретін танымның ғылыми әдісі;

5-тармақ 9-тармақшамен толықтырылды ҚР Бас Прокурорының 30.12.2015 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес

10) шұғыл талдау - жағымсыз үрдістер мен оқиғаларды, сонымен қатар шұғыл әрекет етуді талап ететін олардың пайда болуы шарттары мен жағымсыз салдарларын тез арада зерттеп, бағалау қажеттігінен туындайды;

5-тармақ 10-тармақшамен толықтырылды ҚР Бас Прокурорының 30.12.2015 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес

11) жалпылау - жекеден жалпыға, аз көлемдегі жалпыдан одан да кең көлемдегі жалпыға ауысудың логикалық процесін, заттардың ортақ қасиеттері мен белгілерін анықтауды білдіретін танымның ғылыми әдісі;

5-тармақ 11-тармақшамен толықтырылды ҚР Бас Прокурорының 30.12.2015 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес

12) болжам - нысанның, процестің немесе құбылыстың болашақта болуы мүмкін жағдайы туралы оның әрекет етуі мен дамуы заңдылықтарына негізделген ой-толғам.

5-тармақ 12-тармақшамен толықтырылды ҚР Бас Прокурорының 30.12.2015 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес

2. Қадағалауды жүзеге асыру кезінде өкілеттіктерді шектеу

6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының (бұдан әрі - ҚР БП), аумақтық және мамандандырылған прокуратуралардың функцияларын реттеу, олардың қызметінде қайталануды болдырмау, төмен тұрған прокурорлардың ролін күшейту мақсатында қадағалауды жүзеге асыру кезінде мынадай шектеулер белгіленеді:

1) ҚР БП Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау департаменті (бұдан әрі - Департамент) жалпы республика бойынша қадағалауды жүзеге асыратын төмен тұрған прокурорлардың жұмысын ұйымдастырады және қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеттері бар адамдарға (ҚПК-нің 57-тарауы), сыбайлас жемқорлықпен қылмыстық құқық бұзушылық жасаған орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына қатысты қылмыстық істердің, сондай-ақ ҚР БП Арнайы прокурорлар департаментінің іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істердің тергелуін қадағалауды тікелей қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не Бас Прокурордың қадағалаудың осы саласына жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмасы бойынша қылмыстық қудалау органы тергейтін кез келген істер бойынша қадағалау жүктелуі мүмкін. ҚПК-нің 57-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық іс бойынша жекелеген тергеу, соның ішінде жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау облыстардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жүктелуі мүмкін;

2) Бас әскери, көлік прокуратуралары, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының прокуратуралары1 қылмыстық қудалау органдарының орталық аппараттары және арнайы прокурорлар өндірісіндегі қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізудің заңдылығын, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарының облыстық аппараттарында сотқа дейінгі іс жүргізудің басталуын (ҚПК-нің 23-тарауы) қадағалауды жүзеге асырады.

1 «Бас әскери прокурор», «Бас көлік прокуроры», «Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының прокурорлары», сондай-ақ «Бас әскери прокуратура», «Бас көлік прокуратурасы», «Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының прокуратуралары», бұдан әрі тиісінше «облыстардың прокурорлары» және «облыстардың прокуратуралары» деп аталады.

Облыс прокурорының не қадағалаудың осы саласына жетекшілік ететін оның орынбасарының тапсырмасы бойынша облыстардың прокуратураларына қылмыстық қудалау органдарының облыстық бөлімшелері тергейтін кез келген істер бойынша қадағалауды жүзеге асыру жүктелуі мүмкін.

Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаған азаптаулармен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар; аса ауыр сыбайлас жемқорлықпен қылмыстық құқық бұзушылықтар; аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар; мамандандырылған ауданаралық соттардың қарауына жататын аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар; үлкен қоғамдық пікір туғызған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша; терроризм мен экстремизм фактілері бойынша қадағалауды облыстардың прокуратуралары жүзеге асырады.

Ерекше жағдайларда Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры осы санаттағы қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеудің заңдылығын қадағалауды тиісінше өңірлердегі және гарнизондардағы әскери прокурорларға, көлік прокурорларына тапсыруы мүмкін;

3) Бас әскери прокуратурасы шақыру немесе келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерінде, әскери құралымдарында, бірлестіктер мен мекемелерде әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшілерге; әскери жиын өтіп жатқан уақытта запастағы азаматтарға; қызметтік міндеттерін орындауға немесе осы бөлімдердің иелігіндегі әскери бөлімдердің, бірлестіктер мен мекемелердің азаматтық персоналдағы адамдарға қатысты қылмыстық істердің сотқа дейінгі тергелу заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;

4) Бас көлік прокуратурасы темір жол, су, әуе көлігі, объектілерінде, метрополитенде жасалған, сондай-ақ құбыр көлігі объектілеріндегі және осы саланың мекемелеріндегі, кәсіпорындары мен ұйымдарындағы аварияларға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады2 ;

2 Бас Прокурордың 14.11.2006 жылғы № 15-24817-06 түсіндіруіне сәйкес құбыр көлігінде жасалған қылмыстар бойынша қылмыстық істерді қадағалау аумақтық прокурорларға жүктелген.

5) қылмыстық қудалау органдарының қалалық, аудандық бөлімшелердің және оларға теңестірілген бөлімшелердің3) істері бойынша, сондай-ақ қылмыстық қудалау органының облыстық бөлімшесі тергейтін істер бойынша (осы тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген істерді қоспағанда) қадағалауды жүзеге асырады;

3) «қалалық, аудандық прокурорлар және оларға теңестірілген прокурорлар», сондай-ақ «қалалық, аудандық прокуратуралар және оларға теңестірілген прокуратуралар», бұдан әрі - тиісінше «қалалық, аудандық прокурорлар» және «қалалық, аудандық прокуратуралар» деп аталады.

6) табиғат қорғау прокурорлары экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламалар бойынша қадағалауды жүзеге асырады.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание