Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1267 Қаулысы
Редакция 28.08.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1267 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-52-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-52 «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ».
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне» деген бөлімде реттік нөмірі 282-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«282-1 «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ.
3. «Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 311-құжат):
2-тармақтағы «және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі» деген сөздер алынып тасталсын;
2-1 және 3-тармақтардың 2) тармақшалары алынып тасталсын.
4. «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 28, 377-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесінде:
«Ғарыштық қызмет» деген 9-бөлімнің 2-бағанындағы реттік нөмірі 71-жолда «және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі» деген сөздер алынып тасталсын.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2014 жылғы № 995 Қаулысымен (19.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (19.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
7. «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 362 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 21, 195-құжат):
кіріспедегі «ақпараттандыру және байланыс саласындағы» деген сөздер «байланыс саласындағы және ақпараттандыру, ақпарат салаларындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес шекаралас мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында) радиожиіліктерді халықаралық үйлестіруді жүргізген кезде» деген сөздер «және азаматтық мақсаттағы жоғары жиілік құрылғыларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «болып белгіленсін.» деген сөздер «;» белгісімен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу мәселелерін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету болып белгіленсін.».
8. «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
«Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлімде:
реттік нөмірі 49-жолдағы «және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі» деген сөздер алынып тасталсын.
9. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 19.03.2012 № 340 Қаулысымен (29.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |