• Мое избранное
Қазақстан Республикасы үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы N 405 Қаулысы

Редакция 23.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2006 жылғы 16 мамырдағы
 N 405 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 07.06.2012 № 753 Қаулысымен (16.05.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (07.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: 
"Алматы қаласы" деген бөлiмде: 
реттiк нөмiрi 92-жолдың 3-бағанындағы "ЖҮАҚ" деген аббревиатура "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 
реттік нөмiрлерi 123-27 және 123-29-жолдар алынып тасталсын; 
реттiк нөмiрi 123-33-жолдың 3-бағанындағы "ЖАҚ" деген аббревиатура "ЖШС" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 123-102, 123-103 және 123-104-жолдармен толықтырылсын: 
"123-102. "Көркемсурет көрмелерi және аукциондар дирекциясы" 
ЖШС 
123-103. "Мәдени саясат және өнертану институты" ЖШС 
123-104. "Көшпелiлердiң мәдени мұрасы проблемалары жөнiндегi қазақ ғылыми-зерттеу институты" ЖШС."; 
"Қарағанды облысы" деген бөлiмде: 
реттiк нөмiрi 214-2-жолдың 3-бағанындағы "ААҚ" деген аббревиатура "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
4. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында: 
көрсетiлген қаулыға қосымшада: 
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi" деген бөлiмде: 
тақырыбындағы ", ақпарат және спорт" деген сөздер "және ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын; 
реттiк нөмiрi 224-6-жолдың 3-бағанындағы "ЖАҚ" деген аббревиатура "ЖШС" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 
реттiк нөмiрi 224-7-жолдың 3-бағанындағы "ААҚ" деген аббревиатура "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 
реттiк нөмiрi 224-19-жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"224-19 "Қазақстан телекоммуникациясы" АҚ"; 
реттiк нөмiрi 224-25-жол алынып тасталсын; 
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi" деген бөлiмнен кейiн мынадай мазмұндағы бөлiммен толықтырылсын: 
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi 
224-26 "Қазақ әуендерi" АҚ 
224-27 "Көркемсурет көрмелерi және аукциондар дирекциясы" ЖШС 
224-28 "Көшпелілердiң мәдени мұрасы проблемалары жөнiндегi қазақ ғылыми-зерттеу институты" ЖШС 
224-29 "Мәдени саясат және өнертану институты" ЖШС".
  • 1
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2014 жылғы № 1003 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
6. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Тiл комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 4 ақпандағы N 103  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 6, 53-құжат): 
тақырыбындағы және 1-тармақтағы ", ақпарат және спорт" деген сөздер "және ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Тiл комитетi туралы ережеде: 
тақырыбындағы және мәтiндегi ", ақпарат және спорт" деген сөздер "және ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын; 
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Тiл комитетiнiң құрылымында: 
тақырыбындағы ", ақпарат және спорт" деген сөздер "және ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын; 
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Тiл комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде: 
тақырыбындағы ", ақпарат және спорт" деген сөздер "және ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын.