Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 28 шілдедегі N 1035 және 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 100 қаулыларына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі N 646 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы N 307 қаулысы
Редакция 31.05.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шілдедегі N 1035 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 26, 302-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"Өндірістік-техникалық мақсаттағы өнім" деген 2-бөлім алынып тасталсын;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2. "Жанар-жағар май материалдары мен қатты отынды мемлекеттік сатып алу жөніндегі бірыңғай конкурсты ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі N 646 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының