Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" 2003 жылғы 31 наурыздағы N 1051 Жарлығын iске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 маусымдағы N 623 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" 2003 жылғы 31 наурыздағы N 1051 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi белгiленген тәртiппен "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыруды жүргiзсiн.
Toggle Dropdown
2. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 27 маусымдағы
N 623 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Toggle Dropdown
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2. "Республиканың мал шаруашылығын дамытудың жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 9 шiлдедегi N 1089 қаулысына:
Toggle Dropdown
6-тармақтың бiрiншi абзацында "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығымен және" деген сөздер алынып тасталсын.
Toggle Dropdown
3. "Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорынан қаражат төлеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 15 сәуiрдегi N 342 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 12, 93-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорынан қаражат төлеудiң тәртiбiнде:
Toggle Dropdown
"Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiрудiң озық технологияларын өндiрiске қолдануда ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiн қолдау" деген IIІ бөлiмде:
Toggle Dropdown
3) тармақшаның екiншi абзацында "Ауылшарминiнiң ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамыту департаментi Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығымен бiрлесiп" деген сөздер "Ауылшарминi" деген сөзбен ауыстырылсын.
Toggle Dropdown
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
6. "Қазақстан Республикасында бiрiншi ұлттық ауыл шаруашылығы санағын әзiрлеу, жүргiзу және материалдарын өңдеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 2 маусымдағы N 830 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 25, 290-құжат):
Toggle Dropdown
6-тармақта "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Аграрлық зерттеулердiң ұлттық академиялық орталығы және оның институттары 2004 жылғы 1 маусымға дейiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен келiсiм бойынша" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi 2004 жылғы 1 маусымға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын.
Toggle Dropdown
7. "Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 қыркүйектегi N 1347 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 38-39, 450-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасында:
Toggle Dropdown
"Бағдарламаның тиiмдiлiгi" деген 6-бөлiмде:
Toggle Dropdown
он алтыншы абзацта "Ұлттық аграрлық зерттеулер академиялық орталығының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
Toggle Dropdown
8. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)