Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақпарат" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттiк кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 10 желтоқсан N 1602
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Ақпарат" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Ақпарат" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.10.2003. № 1062 қаулысымен. (10.12.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғыcын бекiту кезiнде қызметiнiң негiзгi мәні бұқаралық ақпарат құралдары саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн; баспа, полиграфия, жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру; жұмыс жағдайын материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң және прокуратура органдарының ғимараттарын, құрылыстарын, жабдықтарын, инженерлiк желiлерiн, көлiк құралдарын, әлеуметтiк-тұрмыстық мақсаттағы объектiлерiн және өзге мүлiктерiн пайдалану деп белгiлесiн;
2) Қоғамның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.10.2003. № 1062 қаулысымен. (10.12.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 10 желтоқсандағы N 1602 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (20.10.2003 ж. редакцияны қараңыз)
2.
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2,3-тармақтар алынып тасталды ҚР Үкіметінің 20.10.2003. № 1062 қаулысымен. (10.12.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 10 желтоқсандағы N 1602 қаулысына қосымша
р/с!Шаруашылық жүргізу құқығындағы !Құрылатын ашық акционерлік N !"Ақпарат" республикалық мемлекеттік !қоғамдар атаулары және !кәсіпорнының қайта құрылатын еншілес !олардың орналасқан жерлері !мемлекеттік кәсіпорындарының атаулары! !және олардың орналасқан жерлері ! |
1 "Ақпарат-Көкшетау" "Ақпарат-Көкшетау" ашық
Көкшетау қаласы акционерлік қоғамы
Көкшетау қаласы
2 "Ақпарат-Жетісу" "Ақпарат-Жетісу" ашық
Алматы қаласы акционерлік қоғамы
Талдықорған қаласы
3 "Ақпарат-Алматы" "Ақпарат-Информ" редакциялық-
Алматы қаласы баспа орталығы" ашық акционерлік қоғамы
Алматы қаласы
4 "Ақпарат-Атырау" "Ақпарат-Атырау" ашық
Атырау қаласы акционерлік қоғамы
Атырау қаласы
5 "Ақпарат-Шығыс" "Ақпарат-Шығыс" ашық
Өскемен қаласы акционерлік қоғамы
Өскемен қаласы
6 "Ақпарат-Тараз" "Ақпарат-Тараз" ашық
Тараз қаласы акционерлік қоғамы
Тараз қаласы
7 "Ақпарат-Батыс" "Ақпарат-Батыс" ашық
Орал қаласы акционерлік қоғамы
Орал қаласы
8 "Ақпарат-Ақтөбе" "Ақпарат-Ақтөбе" ашық
Ақтөбе қаласы акционерлік қоғамы
Ақтөбе қаласы
9 "Ақпарат-Ақтөбе жолы" "Ақпарат-Ақтөбе жолы" ашық
Ақтөбе қаласы акционерлік қоғамы
Ақтөбе қаласы
10 "Ақпарат-Астана жолы" "Ақпарат-Астана жолы" ашық
Астана қаласы акционерлік қоғамы
Астана қаласы
11 "Ақпарат-Қарағанды" "Ақпарат-Қарағанды" ашық
Қарағанды қаласы акционерлік қоғамы
Қарағанды қаласы
12 "Ақпарат-Қостанай" "Ақпарат-Қостанай" ашық
Қостанай қаласы акционерлік қоғамы Қостанай қаласы
13 "Ақпарат-Қызылорда" "Ақпарат-Қызылорда" ашық
Қызылорда қаласы акционерлік қоғамы
Қызылорда қаласы
14 "Ақпарат-Маңғыстау" "Ақпарат-Маңғыстау" ашық
Маңғыстау қаласы акционерлік қоғамы
Маңғыстау қаласы
15 "Ақпарат-Павлодар" "Ақпарат-Павлодар" ашық
Павлодар қаласы акционерлік қоғамы
Павлодар қаласы
16 "Ақпарат-Солтүстік" "Ақпарат-Солтүстік" ашық
Петропавл қаласы акционерлік қоғамы
Петропавл қаласы
17 "Ақпарат-Оңтүстік" "Ақпарат-Оңтүстік" ашық
Шымкент қаласы акционерлік қоғамы
Шымкент қаласы
18 "Ақпарат-Орталық" "Ақпарат-Орталық" ашық
Алматы қаласы акционерлік қоғамы
Алматы қаласы
--------------------------------------------------------------------
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |