• Мое избранное
"Қазагромаркетинг" ашық акционерлік қоғамын құру туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Қазагромаркетинг" ашық акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2003 жылғы 28 ақпан N 220

Редакция 26.09.2003 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен "Қазагромаркетинг" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 704 "Ауылда ақпараттық инфрақұрылымды енгізу және дамыту" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 460000000 (төрт жүз алпыс миллион) теңге мөлшерінде Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастырсын;  
2) Қоғам қызметінің негізгі мәні ауыл шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеу өнімдерінің рыноктарын маркетингтік зерттеулер, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының және алыс шет елдердің маркетингтік орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық-маркетингтік жүйесін дамыту мен жетілдіру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді маркетингтік ақпаратпен қамтамасыз ету, мемлекеттік органдарға ауыл шаруашылығы бойынша талдамалы ақпарат беру деп белгілеп, Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 
3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.09.2003. № 986 қаулысымен. (28.02.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: 
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-44-жолмен толықтырылсын: 
"21-44. "Қазагромаркетинг" ААҚ"; 
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына: 
көрсетілген қаулыға қосымшада: 
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 205-6-жолмен толықтырылсын: 
"205-6. "Қазагромаркетинг" ААҚ".
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі