Bestprofi Logo

Қаулы № 1222 от 2002-11-19г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігін құру туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 22.02.2023 г.

Документ на казахском языке

Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қарашадағы N 1222 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 22.02.2023 жылғы № 149 Қаулысына сәйкес

Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және 1992 жылғы 22 қазанда Мәскеу қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Сауда өкілдіктерін өзара құру туралы келісімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мәскеу қаласында Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігі құрылсын.

Тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 455 қаулысымен.

2. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігін қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылсын.

2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 455 қаулысымен.

3. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкілдігінің штат саны 12 бірлік санында бекітілсін.

3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 26.07.2011 № 858 қаулысымен. (16.05.2003 жылғы редакцияны қараңыз)

4. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание