Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2021
"Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 12 шілдедегі № 316 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 тамызда № 14116 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 10.06.2021 жылғы № 193 Бұйрығына сәйкес 
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7711 болып тіркелген, 2012 жылғы 18 тамыздағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 527-532 (27605) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларында:
«1. Осы Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) өз әрекетін квоталар бірліктеріне және ішкі азайту бірліктеріне қолданады және келесіні қамтитын парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау тәртібін анықтайды:
1) Меншік және сауда объектісі ретіндегі квоталар бірліктері мен шығарындыларды ішкі азайту бірліктері;
2) Квоталар бірліктерімен және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерімен мәмілелер бойынша сауда жасау мен есептеулерді ұйымдастыру;
3) Квоталардың бастапқы сатылуын ұйымдастыру;
4) Шығарындылардың ішкі азайту бірліктерін бастапқы беру;
5) Квоталарды тікелей сату (сатып алу) арқылы іске асыру.»; 
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
«1) аукционға тапсырыс беруші – осы Қағидаларға сәйкес квоталар бірліктерін сату бойынша аукцион өткізуге бастамашылық ететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдар шығарындыларын реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым);
2) жоба инвесторы – парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайту жобасын қаржыландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) жоғарылатуға арналған аукцион – қатысушылар квоталар бірліктерін сатып алуға өтінішті бастапқы бағамен бірдей немесе жоғары баға қоя алатын аукцион;
4) квоталар бірліктерінің қайталама айналымы – бұдан бұрын үлестірілген квоталар бірліктерін саудалау;
5) квоталарды алғашқы сату – стандартты аукцион тәртібінде сату арқылы жүзеге асырылатын квоталарды бөлу;
6) лот – сатылатын немесе шарт бойынша жеткізілетін және аукционнан саудаға салынатын квоталар бірліктері немесе шығарындыларды ішкі азайту бірліктері;
7) операцияларды халықаралық тіркеу журналы – операциялардың дұрыстығын тексеру үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Климат өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы хатшылығымен белгіленген және басқарылатын көміртегі бірліктерінің ұлттық тізілімдерінде көміртегі бірліктерімен жүргізілген операцияларды тіркеудің халықаралық жүйесі;
8) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі сандық міндеттемелері бар халықаралық шарт – Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасы немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасының күші жойылғаннан кейінгі кезеңге парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша оған қатысатын елдердің сандық міндеттемелерін ұзартатын немесе белгілейтін халықаралық шарт;
9) сауда режимі – тауар биржасының сауда жүйесінде өтінімді жариялау және келісім жасау шарттарының жинтығы;
10) стандартты аукцион режимі – сатып алушы/сатушы – аукцион бастамашысы үшін ең тиімді баға бойынша төмендетуге немесе жоғарылатуға арналған аукцион барысында биржалық мәмілелер жасалатын сауда режимі;
11) тауар биржасының электрондық сауда жүйесi – электрондық биржалық сауда-саттықты өткізуге қажетті және биржалық мәмілелер жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін, тауар биржасының есептеу құралдары, бағдарламалық қамтылымы, дерекқорлары, телекоммуникациялық құралдары және басқа да жабдықтары кешені;
12) төмендетуге арналған аукцион – қатысушылар квоталар бірліктерін сатып алуға өтінішті бастапқы бағамен бірдей немесе төмен баға қоя алатын аукцион;
13) халықаралық көміртегі бірліктері – белгіленген мөлшер бірліктері, шығарындыларды азайту бірліктері, шығарындыларды азайтудың сертификатталған бірліктері, сіңіру бірліктері және басқа да олардан туынды көміртегі бірліктері;
14) шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін бастапқы беру – шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайту немесе олардың сіңірулерін арттыру жобасын қаржыландыратын инвесторға беру;
15) ішкі азайту шығарындылары бірліктерінің қайталама айналымы – тауар биржасында парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайту жобасының инвесторына (инвесторларына) бергеннен кейін орындалатын ішкі азайту шығарындыларының бірліктерімен сауда жасау.»;
«9. Квоталар бірліктерінің қолданыстағы және айналымдағы мерзімі тиісті Ұлттық жоспардың бұдан алдыңғы жылдардағы парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есебі негізінде жыл сайынғы өтелген квота бірліктерінен басқа, олар сәйкесінше орналастырылған Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінің соңғы есептік жылы бойынша есептілікті ұсыну күні аяқталғаннан кейін тоқсан жұмыс күнімен шектеледі. Квоталар бірліктерінің қолданылу мерзімі, тиісті Ұлттық жоспардың бұдан алдыңғы жылдардағы парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есебі негізінде жыл сайынғы өтелген квота бірліктерінен басқа, айналым шектелген күннен кейінгі он үш жұмыс күнімен шектеледі.»;
«13. Квоталар бірліктерімен және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерімен сауда жасау электрондық сауда жүйесі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Квоталар бірліктерінің қайталама айналымы және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерінің қайталама айналымы Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тиісті лицензиясы бар ұйымдастырылған тауар алаңдарында (биржаларында) жүргізіледі.
14. Квоталар бірліктерінің және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерінің саудасы тауар биржалары туралы заңнамаға сәйкес тауар биржаларында ұйымдастырылады.
Квоталардың бастапқы саудасы жағдайында сату стандартты аукцион (бұдан әрі - аукцион) режимінде, ал квота бірліктерінің қайталама айналымы жағдайында – қосарланған қарсы аукцион режимінде тауар биржалары туралы заңнамаға сәйкес тауар биржаларында ұйымдастырылады.
Квота бірліктерін және ішкі азайту бірліктерін сату және сатып алуды Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-7-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.»;
15. Квоталарды бастапқы сатуға, квота бірліктерінің және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерінің қайталама айналымындағы саудаға қызмет көрсету және туынды қаржы құралдары бойынша клиринг пен есептерді қамтамасыз ету үшін тауар биржасы Қазақстан Республикасының Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторымен өзара іс-қимыл және клиринг пен есеп-қисап процесіндегі электронды құжат айналымын жүзеге асыру регламенті туралы шарт жасасады.».
«21. Квоталардың бастапқы сатылуы ведомстволық бағынысты ұйымымен Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-5-бабына сәйкес ұйымдастырылады.
22. Квоталар бірліктерін бастапқы сату квоталар бірліктері бойынша жүргізіледі. Егер квоталарды сату Ұлттық жоспармен тиісті мерзімге қарастырылмаса, Ұлттық жоспарға енгізілген реттелетін қондырғылардың операторлары арасында квоталарды бөлу ақысыз негізде жүзеге асырылады.»;
«24. Ведомстволық бағынысты ұйым тауар биржаларында квоталарды сату бойынша аукциондарды ұйымдастыру мен өткізу қажеттілігін бағалайды.»;
«27. Бірінші аукционнан сатуға жататын квоталар көлемі Ұлттық жоспардың квота көлемі резервінің квоталарды сату қосалқы шотынан аукцион шарттарында отыз пайыздан асыра алмайды.
28. Квоталарды сату бойынша аукциондарды өткізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржа саудасының үлгі қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10993 тіркелген) (бұдан әрі – Үлгі ережесі) сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы бастамашылық етеді.
«44-3. Жоқ болған жағдайда, тауар биржасында квота бірліктерінің қайталама айналымында оларға биржалық баға белгілеу саудасын жүргізу күні квота бірлігі үшін баға халықаралық тәуелсіз ақпарат жеткізушісінің квота бірліктеріне бағаны биржалық баға белгілеу есебімен анықталады.»;
«48. Жоба операторы шығарындылардың ішкі азайту бірліктерін Қазақстан Республикасы Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторына беруге өтінішті тек тиісті жобаны іске асыру туралы есепті валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген орган верификациялағаннан кейін және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткеннен кейін ғана береді.»;
мынадай мазмұндағы 6-бөліммен толықтырылсын:
«6-тарау. Квоталарды тікелей сату (сатып алу) арқылы сату
52. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-7-бабының 3-тармағына сәйкес қондырғы операторы квоталарды мәміле жасалған күнгі квотаның биржалық белгіленім деңгейінен төмен емес бағамен сатып алу-сату шарты бойынша тікелей сату (сатып алу) арқылы өткізеді.
53. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-7-бабының 3-тармағына сәйкес, қондырғы операторлары (сатушы және сатып алушы) квоталарды тікелей сату-сатып алуды жүргізудің қорытындысы бойынша мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады. 
Квоталарды тікелей сату-сатып алуды жүргізу қорытындылары бойынша мәліметтер қондырғы операторлары (сатушы мен сатып алушы), сатылған/сатып алынған квота бірліктерінің көлемі, бағасы туралы ақпараттан тұрады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган квоталарды тікелей сату-сатып алу қорытындылары бойынша мәліметтер алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторына Қазақстан Республикасы Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде бес жұмыс күні ішінде тиісті трансакциялардың өткізілуі туралы хабарлайды.».
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
Полная версия
ИС BestProfi