Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2021
Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 7 маусымда № 7711 тіркелді       
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 10.06.2021 жылғы № 193 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 01.01.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидалары бекітілсін.
2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 11 мамырдағы
№ 151-ө бұйрығымен бекітілген
Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидалары
1. Осы Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) өз әрекетін квоталар бірліктеріне және ішкі азайту бірліктеріне қолданады және келесіні қамтитын парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау тәртібін анықтайды:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 жылғы № 316 Бұйрығына сәйкес (28.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
1) Меншік және сауда объектісі ретіндегі квоталар бірліктері мен шығарындыларды ішкі азайту бірліктері;
2) Квоталар бірліктерімен және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерімен мәмілелер бойынша сауда жасау мен есептеулерді ұйымдастыру;
3) Квоталардың бастапқы сатылуын ұйымдастыру;
4) Шығарындылардың ішкі азайту бірліктерін бастапқы беру;
5) Квоталарды тікелей сату (сатып алу) арқылы іске асыру.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 28.02.2014 жылғы № 69-Ө Бұйрығымен (11.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.04.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.07.2016 жылғы № 316 Бұйрығына сәйкес (28.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
1) аукционға тапсырыс беруші – осы Қағидаларға сәйкес квоталар бірліктерін сату бойынша аукцион өткізуге бастамашылық ететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдар шығарындыларын реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым);
2) жоба инвесторы – парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайту жобасын қаржыландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) жоғарылатуға арналған аукцион – қатысушылар квоталар бірліктерін сатып алуға өтінішті бастапқы бағамен бірдей немесе жоғары баға қоя алатын аукцион;
Полная версия
ИС BestProfi