Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазакстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 612 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1173 Қаулысына сәйкес
Редакция 04.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Мннистрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 612 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігі мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қазандағы № 1047 қаулысында:
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігі мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
17-тармақта «Экономика және бюджеттік жоспарлау» деген сөздер «Экономикалық даму және сауда» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысында:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
|
Исекешев Әсет Өрентайұлы |
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, төрағаның орынбасары, |
|
Айтжанова Жанар Сейдахметқызы |
- Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі; |
мына:
|
«Мыңбаев Сауат Мұхамбетбайұлы |
- Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі, төрағаның орынбасары», |
|
«Тортаев Бауыржан Қадырұлы |
- Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры, хатшы», |
|
«Жұмабаев Ермек Жианшаұлы |
- Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің төрағасы (келісім бойынша)» |

