Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.07.2018
Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты концессиялар жөнiнде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі N 836 Қаулысы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.07.2018 жылғы № 419 Қаулысына сәйкес
Редакция 26.01.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты концессиялар жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 4 қыркүйектегi
N 836 қаулысымен
бекiтiлген
Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның құрамы
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.09.2006 № 948, 31.01.2007 № 73, 26.07.2007 № 634, 02.09.2007 № 761, 15.10.2007 № 948, 03.12.2007 № 1163, 26.05.2008 № 499, 18.09.2008 № 858, 26.06.2009 № 982 Қаулыларымен (04.09.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.06.2010 жылғы № 612 Қаулысымен (26.06.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.06.2011 жылғы № 705 Қаулысымен (18.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.03.2012 жылғы № 353 Қаулысымен (24.06.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.11.2012 жылғы № 1445 Қаулысымен (26.03.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.06.2013 жылғы № 607 Қаулысымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (17.06.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.01.2018 жылғы № 34 Қаулысымен (06.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі  департаментінің директоры, хатшы
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.03.2017 жылғы № 107 Қаулысына сәйкес (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің өкілі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 4 қыркүйектегi
N 836 қаулысымен
бекiтiлген
Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты концессиялар жөнiндегi комиссия туралы ереже
1. Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты концессиялар жөнiнде комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия концессиялық жобаларды қарау және iрiктеу үшiн құрылады. 
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы  мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi мен құқықтары
1) концессиялық жобаларды қарау және iрiктеу; 
2) конкурсқа қатысушылар берген барлық конкурстық өтiнiмдердi қарау; 
3) концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнiнде келiссөздер жүргiзу; 
4) концессионер таңдау жөнiндегi конкурстың қорытындылары бойынша концессиялық жобаларды бекiту болып табылады.
1) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн Комиссия отырыстарына шақыруға және тыңдауға; 
2) концессиялық жобаларды iрiктеудегi проблемалық мәселелердi талдау және зерделеу үшiн қажетiне қарай мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға; 
3) мемлекеттiк және басқа ұйымдардан Комиссия мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды заңнамада белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға құқылы.
6. Комиссияны төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары басқарады. Комиссия төрағасы Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды, қабылданатын шешімдердің сапасын және тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды, Комиссияның қызметіне дербес жауаптылықта болады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.09.2006 жылғы № 948 Қаулысымен (04.09.2006 ж. редакцияны қараңыз)
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Төраға болмаған уақытта оның функциясын оның тапсырмасы бойынша орынбасары атқарады.
7. Комиссияның құрамына Ұлттық экономика, Қаржы, Әділет, Инвестициялар және даму, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Білім және ғылым министрліктері бірінші басшыларының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісім бойынша) және алмастыру құқығынсыз республикалық меншікке иелік ету жөніндегі уәкілетті органның басшысы кіреді.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.10.2007 жылғы № 948 Қаулысымен (02.09.2007 ж. редакцияны қараңыз)
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.05.2008 жылғы № 499 Қаулысымен (03.12.2007 ж. редакцияны қараңыз)
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.09.2008 жылғы № 858 Қаулысымен (26.05.2008 ж. редакцияны қараңыз)
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.06.2010 жылғы № 612 Қаулысымен (26.06.2009 ж. редакцияны қараңыз)
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.06.2013 жылғы № 607 Қаулысымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
8. Концессия жөнiндегi конкурстың тиiстi ұйымдастырушысы Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
9. Комиссияның жұмыс органы комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуге тиіс.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (17.06.2013 ж. редакцияны қараңыз)
10. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қызметкері Комиссияның хатшысы болып табылады.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.06.2010 жылғы № 612 Қаулысымен (26.06.2009 ж. редакцияны қараңыз)
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.06.2013 жылғы № 607 Қаулысымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (17.06.2013 ж. редакцияны қараңыз)
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссия хатшысы отырыс өткізілгеннен кейін хаттама ресімдейді.
11. Комиссияның отырысы қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi. Комиссия мyшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен eкici қатысқан кезде Комиссияның отырысы заңды деп саналады.
12. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
12-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (17.06.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдірге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не келіспеу туралы себептерін негіздей отырып жауап береді.
13. Комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша жұмыс органы мүдделi тұлғаларға қарау нәтижелерi туралы хабарлайды.
13-1. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
Ереже 13-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысына сәйкес
14. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде тоқтатады.
Полная версия
ИС BestProfi