Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 11.07.2018
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі N 836 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі N 858 Қаулысы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.07.2018 жылғы № 419 Қаулысына сәйкес
1. "Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі N 836 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның құрамына:
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Алдабергенов Нұрлан Шәдібекұлы енгізілсін;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия туралы ережеде:
7-тармақта "министрліктерінің" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Полная версия