Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.08.2019
«Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 313 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 17.08.2019 жылғы № 120 Жарлығына сәйкес 
1.«Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 166-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын:
«10. Қазақ ұлттық хореография академиясы».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Полная версия
ИС BestProfi