Близость слов: Окончание:





«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 582-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдарының ұсынылатын білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау, cонымен қатар, білім беру ұйымдарының қызметтерінің деңгейін, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыруды бағалау үшін өткізіледі.
Қызмет деңгейін бағалау құзырлы орган бекіткен білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына сәйкес іске асырылады.
Мемлекеттік аттестаттау рәсімі рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты емес, өз қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны алу үшін білім беру ұйымының бастамашыл өтінішінің (бұдан әрі – бастамашыл өтініш) негізінде бару арқылы бақылаудың өзге нысанында жүзеге асырылады.»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды білім беру немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) өз құзыреті шегінде бес жылда бір рет өткізеді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік аттестация келесі негізгі кезеңдерден тұрады:
1) білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауының білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына сәйкес іске асырылуы;
2) білім беру мекемелерінің бастамашылық жүгінуі және өзіндік бағалау материалдарын уәкілетті органдарға жолдау;
3) уәкілетті орган тарапынан білім беру ұйымының өзіндік бағалау материалдарын талдау;  
5) уәкілетті органның білім беру ұйымы қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына сейкестігі немесе сәйкессіздігі туралы шешім қабылдауы;  
6) уәкілетті органға білім беру ұйымының құрылтайшымен келісілген қызметті жақсарту бағдарламасын ұсыну.»;  
Полная версия
ИС BestProfi