Прокуратура органдарында тергеу функциясын одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4) тармағын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 07.11.2017
Прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеуді ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 48 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Бас Прокурорының 07.11.2017 жылғы № 128 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеуді ұйымдастыру туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Бас Прокурордың 2012 жылғы 7 наурыздағы № 22 бұйрығының (Бас Прокурордың 2013 жылғы 18 шілдедегі № 72 бұйрығымен енгізілген өзгерістер және қосымшалармен) күші жойылды деп танылсын.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енсін.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А. Дауылбаев
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 48 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН
Прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеуді ұйымдастыру туралы НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ҚІЖК) 193-бабы 1-бөлігінің 1 тармағындағы және 194-бабындағы тәртіппен прокуратура органдарында қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеудің ұйымдастыруын реттейді.
2. Сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне (бұдан әрі тиісінше - ҚК, ҚІЖК), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі - Бас Прокурор) бұйрықтарына, нұсқаулықтарына, нұсқауларына, сондай-ақ осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
3. Прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеу функциясын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы прокурорлар департаменті (бұдан әрі - Департамент), облыстық және оларға теңестірілген прокуратураларының сотқа дейінгі тергеу басқармалары (бұдан әрі - басқармалар) жүзеге асырады.
4. Арнайы прокурор - сотқа дейінгі, оның ішінде тергеу және тергеу-жедел топтарына жетекшілік ету жолымен тергеуді жүзеге асыруға, сондай-ақ Департаменттің бастығы, Департамент бастығының орынбасары, Бас Прокурордың (тергеу және тергеу топтарына жетекшілік ету жөніндегі, криминалист) аға көмекшісі (көмекшісі), облыс және оған теңестірілген прокуратурасының басқарма бастығы, облыс және оған теңестірілген прокурордың (тергеу және тергеу топтарына жетекшілік ету жөніндегі, криминалист) аға көмекшісі (көмекшісі), басқарма аға прокуроры, прокуроры (криминалист) уәкілетті лауазымды тұлға.
5. Арнайы прокурор ҚІЖК-нің 60 және 195-баптарында қаралған тергеуші мен тергеу тобы басшысының барлық өкілеттіктерін иеленеді.
6. Департамент бастығы, оның орынбасары, басқарма бастықтары ҚІЖК-нің 59-бабында көзделген тергеу бөлімі бастығының барлық өкілеттіктерін иеленеді.
7. Арнайы прокурорға сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырумен байланысты емес міндеттерді жүктеуге жол берілмейді.
2. Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеуді ұйымдастыру
8. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызмет бабында жасаған құқықбұзушылықтар, оның ішінде азаптау, басты категориялары болып есептеледі.
Азаптау туралы істерді өзге қылмыстық ізге түсу органдарымен тергеу барысындағы көпке созушылықтың әр жағдайында одан арғы сотқа дейінгі тергеуі арнайы прокурорға тапсырылады.
9. Кейінгі қалдыруға жатпайтын жағдайларда аталған басты категориялы қылмыстық құқықбұзушылықтар бойынша Бас Прокурордың, Бас Прокурордың орынбасары, облыс прокурорының тапсырмасымен сотқа дейінгі тергеу өндірісін жүргізуі қадағалаушы прокурорға жүктелуі мүмкін. Сотқа дейінгі тергеу өндірісін жүргізу туралы тапсырмамен бір мезгілде прокурорды осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу заңдылығын қадағалаудан босату туралы мәселесі шешіледі.
10. Ерекше жағдайларда тергеуінің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында өзге құқықбұзушылық туралы қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу өндірісі Бас Прокурордың келісімімен жүргізілуі мүмкін.
11. Қылмыстық істі өндіріске қабылдау және сотқа дейінгі тергеудің басталуы туралы Департамент хабарланады, оны өндіріске қабылдау қажеттілігін және негізділігін зерделеу үшін.
13. Тергеу, тергеу-жедел тобын құру, оның құрамы мен саны, орналасқан жері туралы мәселені шешу кезінде қылмыстық істің күрделілігі мен маңыздылығын негізге алу қажет.
Тергеу тобына енгізілетін тергеушілердің және жедел қызметкерлердің кандидатуралары сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын органдардың басшыларымен жазбаша түрде келісіледі.
14. Негіздер болған кезде арнайы прокурор прокуратура органының басшысы арқылы қылмыстық өндіріс мақсатын орындау үшін күштер мен құралдар болу туралы құқық қорғау немесе арнайы органның аумақтық бөлімшесі басшысының алдында өтініш жасайды.
Аумақтық прокуратура органдарының басшылары тергеуді ұйымдастыруға, тергеу, тергеу-жедел тобын қызметтік бөлмелермен, автокөлікпен, ұйымдастыру техникасымен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етуге көмек көрсетеді.
15. Қылмыс белгілерін тікелей анықтаған кезде арнайы прокурор бұл туралы прокуратура органының басшысына баянатпен баяндайды, оны ҚІЖК-де көрсетілген тәртіппен тіркейді және осы Нұсқаулықтың 8, 10 тармақтарына сәйкес сотқа дейінгі тергеуді жүргізеді немесе қадағалаушы прокурор арқылы тиісті қылмыстық ізге түсу органына жолдай алады.
16. Қылмыстық істі тергеу Бас прокуратурада - Департамент бастығы, облыс прокуратурасында - облыс прокуроры мен бекітілетін негізгі тергеу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Тергеу жоспары тергеу және басқа да әрекеттер, орындау мерзімдері мен орындаушылар айқын көрсетілуі қажет.
Бақылау мақсатына тергеу, тергеу-жедел тобының мүшелері топ басшының жанында жоспарланған іс-шаралардың орындалуы жөнінде үнемі тыңдалады.
Қылмыстық іс бойынша тергеу жоспарымен прокуратура органдары басшылығы сондай ақ Бас Прокурор, оның жетекшілік ететін орынбасары, оны бекіткен лауазымды тұлғалар, өзінің өндірісіндегі іс бойынша арнайы прокурор, процессуалдық прокурор, сонымен қатар өз құзыретіне тікелей қатысты оның тармақтарын іске асыруға тартылған прокуратураның, құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерінің танысуға құқығы бар.
17. Арнайы прокурордың өндірісіндегі қылмыстық істер бойынша азаматтарды күдікті ретінде негізсіз ұстаудың, заңсыз қамау мен қылмыстық жауапкершілікке тартудың әрбір фактісі бойынша Департамент хабарланады. Департаментпен, облыс прокуратурасымен әр бір осындай факт бойынша тиісті тексеру жүргізіледі.
18. Қылмыстық істі тергеу кезінде анықталған, тексеру жүргізуді және тиісті прокурорлық шараларын қолдануды талап ететін заң бұзушылықтар жөнінде арнайы прокурор қадағалаушы прокурорға хабарлайды.
Сонымен бір мезгілде арнайы прокурордың міндетіне қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы тиісті ұсыныс енгізу жатады. Мемлекеттік органдардың орталық аппаратына енгізілетін ұсыныстар, бас әскери және көлік прокуратураларынан тыс, Бас прокуратура арқылы жолданады.
19. Тергеу, тергеу-жедел тобы мүшесінің қызметтік немесе атқарушылық тәртіпті бұзуы туралы топтың жетекшісі дер кезінде жазбаша түрде оның жауапкершілігі мен топ құрамынан шеттетуі туралы қадағалаушы прокурор арқылы тиісті қылмыстық ізге түсу органдарының басшыларын хабардар етеді.
Әрбір жағдайда топ жетекшісі облыс прокурорының жанында жедел жиналыс өткізумен және топ мүшелерінің жұмысының нәтижелеріне байланысты қылмыстық ізге түсу органдарының тиісті басшыларының атына оларды көтермелеу немесе жазалау туралы хат жіберумен жұмысты аяқтайды.
20. ҚІЖК-нің 89-бабында көрсетілген негіздер болған кезде арнайы прокурорды Бас прокуратурада - Бас Прокурор, оның жетекшілік ететін орынбасары, облыс прокуратурада - облыс прокуроры қылмыстық істі тергеуден шеттетуі мүмкін.
21. Прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеу ұйымдастыруына ведомстволық бақылауды Департамент бастығы, оның орынбасарлары, облыс прокуроры, оның орынбасары және басқарма бастықтары жүзеге асырады.
Сотқа дейінгі тергеуді ұйымдастыру мәселесі бойынша облыс және оларға теңестірілгендер прокурорлары әр тоқсан сайын талқылау жасап, төмендегі деректерді көрсетеді:
сотқа дейінгі тергеу өндірісі өзге қылмыстық ізге түсу органдарымен басталған қылмыстық істердің уақытты және негізді қабылданғандары, олардың басты категориялық қылмыстық құқықбұзушылықтары қатарына сәйкестіктері;
басты түрлегі, сондай-ақ азаптау туралы, қылмыстар бойынша қылмыстық істердің тергеу жағдайы;
сотқа дейінгі тергеудің қысқартылуының, мерзімдерінің үзілуінің негізділігі;
сотқа дейінгі тергеудің және қамауда, үй қамауында ұстау мерзімдерінің сақталуы;
қылмыстық құқықбұзушылықпен келтірілген залалды орнына қайтаруы;
қылмыстық істердің тергеу реттілігімен қылмыстық ізге түсу органдарына жолдауының (қайтаруының) негізділігі;
күдіктілерге қарсы бұлтартпау шараларын қолдану практикасы;
арнайы прокурорлардың шешімдеріне ҚІЖК-нің 106 бабының тәртібімен сот арқылы шағымдану, сондай-ақ соттардың ҚІЖК-нің 405 бабының тәртібіне сәйкес жеке қаулылар шығару практикасы;
арнайы прокурорлар құрылымдарының қызметкерлері емес прокурорлардың қылмыстық құқықбұзушылық туралы істердің тергеу практикасы.
Қорытындылары туралы ақпарат Бас прокуратураға есепті мерзімнен кейінгі айдын 1 күніне жолданады.
Осы бағыттағы жұмыс жағдайы Департаментпен тоқсан сайын есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне дейін талқыланады.
22. Департамент бастығы, оның орынбасарлары, облыс прокуроры, жетекшілік ететін орынбасар, басқарма бастықтары және арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеу жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы үшін, сондай-ақ атқарушылық тәртіптің жай-күйі үшін толық жауапкершілікті.
23. Сотқа дейінгі тергеу құрылымы прокурорларының қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру тәртібі «Сотқа дейінгі тергеу заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру туралы» Нұсқаулықпен реттеледі.
24. Қылмыстық іс бойынша айғақтық заттар облыс прокуратураларында, Бас прокуратурада, сондай-ақ қылмыстық ізге түсу органдарында арнайы жабдықталған бөлмелерде сақталады.
Олардың сақталуы үшін арнайы прокурор немесе тиісті прокурордың бұйрығымен осы міндет жүктелген тұлға жауапкершілікті.
3. Тергеу прокурорлар тергейтін істер бойынша статистикалық есептілік
25. Қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеу барысында арнайы прокурор сотқа дейінгі тергеу құрылымының прокуроры прокуратура органдарының статистикалық есептікке кіретін тиісті ақпараттық есептік құжаттарды электрондық форматта Бас Прокурордың бұйрықтарымен қарастырылған санаты мен мерзіміне сәйкес енгізеді.
Полная версия

