Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.07.2017
Прокуратура туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 Заңы
Тақырып өзгертілді ҚР 09.08.2002 жылғы № 346-ІІ Заңымен (21.12.1995 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Құжат мәтініндегі "Жарлық", "Жарлықпен", "Жарлыққа" "Жарлықта", "Жарлықты",  сөзедер "Заң", "Заңмен", "Заңға", "Заңда", "Заңды" сөздермен ауыстырылды ҚР 09.08.2002 жылғы №346-ІІ Заңы бойынша ( 21.12.1995 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Осы Заң күшін жойды 2017 жылғы 14 шілдеден бастап ҚР 30.06.2017 жылғы № 81-VІ Заңына сәйкес
Редакция 01.03.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiркелкі қолданылуына, сотқа дейінгі іс жүргізудің, жедел-iздестiру қызметiнiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 29.12.2010 жылғы № 374-IV Заңымен (02.04.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-тармақ өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңымен (10.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
2. Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
2-бап. Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi
2-бап өзгертілді ҚР 09.08.2002 жылғы № 346-ІІ Заңымен (21.12.1995 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.
3-бап. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметiнiң принциптерi
1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгi тұрған прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Республиканың Бас Прокурорына бағынатын органдардың, ведомстволардың, мекемелердiң және білім беру ұйымының бiртұтас орталықтандырылған жүйесiн құрайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 374-V Заңына сәйкес (04.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2015 жылы № 209 (28687) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп береді.
2-тармақ өзгертілді ҚР 29.12.2010 жылғы № 374-IV Заңымен (02.04.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3. Өздерiнiң заңда белгiленген өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде прокуратура органдарының қызметiне араласуға тыйым салынады.
4. Заңда белгiленген негiз бен тәртiп бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау актiлерi барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi.
5. Прокуратура органдары Республиканың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды сақтау туралы заңдарына қайшы келмейтiндей деңгейде жариялы iс-қимыл жасайды.
4-бап. Прокуратура органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары мен мазмұны
4-бап өзгертілді ҚР 29.12.2010 жылғы № 374-IV Заңымен (02.04.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының үстемдігін қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында прокуратура мемлекет атынан:
1) Конституцияның, заңдардың және Қазақстан Республикасы Президентiнің жарлықтары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады;
2) Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтарды анықтайды және оларды жою шараларын қолданады;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдарға және басқа да құқықтық актiлерге наразылық жасайды;
Полная версия
ИС BestProfi