Осы Заң Қазақстан Республикасы прокуратурасының мәртебесін, құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібін айқындайды.
Внимание! Документ утратил силу с 18.11.2022
Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VІ
Осы Заң күшін жойды 2022 жылғы 18 қарашадан бастап ҚР 05.11.2022 жылғы № 155-VII ҚРЗ Конституциялық заңына сәйкес
Редакция 06.09.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Прокуратураның мақсаты
Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
2-бап. Прокуратура қызметінің құқықтық негіздері
Прокуратураның құзыреті, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі Конституцияда және заңда айқындалады.
3-бап. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметiнiң қағидаттары
1. Прокуратура төмен тұрған прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Бас Прокурорға бағынатын бiрыңғай орталықтандырылған жүйені құрайды.
2. Прокуратура өз өкілеттіктерін заңдылық, басқа мемлекеттiк органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсiз болу және Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп беру қағидаттарында жүзеге асырады.
3. Прокуратура органдары өз функциялары мен өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде олардың қызметiне араласуға тыйым салынады.
4. Прокуратура кәсіпкерлік субъектілерінің, ұйымдардың және мемлекеттік органдардың қызметіне араласуға, олардың қызметіне тексеріс тағайындауға, заңда көзделмеген негіздер бойынша ақпарат не құжаттар сұратуға құқылы емес.
5. Прокуратура органдары адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы, мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау туралы заңнама талаптарына қайшы келмейтiндей деңгейде жария әрекет етеді.
4-бап. Прокуратураның міндеттері
Прокуратура заңда белгіленген шекте мынадай міндеттерді:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауды және қалпына келтіруді;
2) заңдылықты бұзуды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың зардабын анықтауды және жоюды;
3) құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіруді;
4) заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалған өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Полная версия