Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.03.2018
"Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 480 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 6 қазанда № 14296 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 13 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 08.02.2018 ж. № 142 Бұйрығына сәйкес
1. "Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10097 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі мәтінінде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердiң тiзбесiн бекiту туралы";
1-тармақ  мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"қоса беріліп отырған Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердiң тiзбесi бекітілсін";
мемлекеттік тілдегі мәтінінде көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердiң тiзбесi";
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті (Қ.Б. Жолмұхамбетов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Полная версия
ИС BestProfi