Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 20.06.2020
"Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындау және босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 190 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 241 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 15 қарашада № 14424 болып тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 20 маусымнан бастап ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 жылғы № 57 Қаулысына сәйкес
1. «Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындау және босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 190 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9945 тіркелген, 2014 жылғы 23 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау мен босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы»;
«1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау мен босату қағидалары;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындау мен босату қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау мен босату қағидалары»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау мен босату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы » 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Сақтандыру қызметі туралы » 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) мәжбүрлеп таратылатын екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрі – қаржы ұйымы) тарату комиссияларының төрағасы мен мүшелерін тағайындау мен босату тәртібін айқындайды.»;
«3. Мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері уәкілетті органның қызметкерлері арасынан мынадай:
1) қаржы ұйымының тарату массасы болмаған не ол ағымдағы шығыстарды жабу үшін жеткіліксіз болған;
2) бос орынға кандидаттар болмаған немесе кандидаттар Талаптарға сәйкес келмеген;
3) Қағидалардың 22-тармағында көзделген негіздер бойынша уәкілетті органның қызметкерін тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі міндеттерін орындаудан босатқан және оны ауыстыру қажет болған жағдайда тағайындалады.
Уәкілетті органның қызметкерлері Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсынбайды және тестілеу мен әңгімелесуден өтпейді.»;
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
«17-1. Мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының сандық құрамын уәкілетті органның біліктілік комиссиясы белгілейді.»;
Полная версия

