Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 20.06.2020
Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау мен босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 190 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 9 желтоқсанда № 9945 тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2016 жылғы № 241 Бұйрығына сәйкес (22.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 20 маусымнан бастап ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 жылғы № 57 Қаулысына сәйкес
Редакция 26.09.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау мен босату қағидалары;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2016 жылғы № 241 Бұйрығына сәйкес (22.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау және босату қағидаларын және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 71 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8411 тіркелген, 2013 жылғы 21 маусымда «Заң газеті» газетінде № 91 (2292) жарияланған);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 212 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8805 тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашада «Заң газеті» газетінде № 180 (2381) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 7-тармағы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 190 қаулысына 1-қосымша
Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау мен босату қағидалары
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2016 жылғы № 241 Бұйрығына сәйкес (22.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын тағайындау мен босату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) мәжбүрлеп таратылатын екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрі – қаржы ұйымы) тарату комиссияларының төрағасы мен мүшелерін тағайындау мен босату тәртібін айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2016 жылғы № 241 Бұйрығына сәйкес (22.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болып тағайындалу үшін құжаттар ұсынған және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес келетін кандидаттар (бұдан әрі – кандидат) арасынан және (немесе) уәкілетті органның қызметкерлері арасынан тағайындалады.
2. Уәкілетті органның қызметкерлері болып табылмайтын мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы қызметінің барлық кезеңі ішінде Талаптарға сәйкес келеді.
3. Мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері уәкілетті органның қызметкерлері арасынан мынадай:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2016 жылғы № 241 Бұйрығына сәйкес (22.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) қаржы ұйымының тарату массасы болмаған не ол ағымдағы шығыстарды жабу үшін жеткіліксіз болған;
2) бос орынға кандидаттар болмаған немесе кандидаттар Талаптарға сәйкес келмеген;
Полная версия

