Близость слов: Окончание:





Сақтандыру қызметі туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-II Заңы
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 21.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Мәтін бойынша "уәкiлеттi мемлекеттiк органның", "уәкiлеттi мемлекеттiк органға", "уәкiлеттi мемлекеттiк орган" сөздер тиісінше "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi орган" сөздермен ауыстырылды ҚР 10.07.2003 № 483-ІІ заңымен(11.06.2003 ж. редакцияны қараңыз) (01.01.2004 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметі туралы заңнамасы
1-баптың тақырыбы өзгертілді ҚР 30.12.2009 жылғы № 234-IV Заңымен (28.08.2009 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 30.12.2009 жылғы № 234-IV Заңымен (28.08.2009 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Заңмен тікелей реттелген қатынастарды қоспағанда, сақтандырудан туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінің қолданылатын аясына жататын қатынастар осы актілермен реттеледі.
2-тармақ өзгертілді ҚР 30.12.2009 жылғы № 234-IV Заңымен (28.08.2009 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2-1. Осы Заңның 9-бабының 8-тармағын қоспағанда, осы Заң Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қызметіне байланысты қатынастарды, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, міндетті әлеуметтік сақтандыруға байланысты қатынастарды реттемейді.
1-бап 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР 16.11.2015 жылғы № 406-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.01.2024 жылғы № 54-VIII Заңына сәйкес (11.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
1-бап 3-тармақпен толықтырылды ҚР 20.02.2006 жылғы № 128 Заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар
2-бап өзгертілді ҚР 05.07.2012 жылғы № 30-V  Заңымен (27.04.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Заң кәсіпкерлік қызмет түрі ретінде сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі негізгі ережелерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерін құру, олардың қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашу, олардың қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ерекшеліктерін, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру нарығында қызмет ету шарттарын, сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрі – Ұлттық Банк) осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерi сақтандыру нарығының барлық қатысушылары үшін мiндеттi болады.
2-тармақ өзгертілді ҚР 10.07.2003 жылғы № 483-ІІ Заңымен (11.06.2003 ж. редакцияны қараңыз) (01.01.2004 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
2-тармақ өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және уәкілетті органның, Ұлттық Банктің осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.
2-бап 3-тармақпен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 168-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақ өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Осы Заңның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне қатысты қолданылатын ережелері (10-1, 10-2, 10-3, 13, 16-2, 16-3, 21, 24, 25, 25-1, 26, 26-1, 27, 28, 30, 31, 32, 35, 40, 48, 49, 50, 51, 52, 52-3, 53-4, 62, 63, 65, 68, 69, 71, 72, 73, 74-1-баптарды қоспағанда) осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.
2-бап 4-тармақпен толықтырылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 422-V Заңына сәйкес (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (05.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңның 6, 9, 11-1, 12, 15-1, 15-2, 16, 17, 18, 18-1, 19, 20, 31-1, 34, 36-2, 36-3, 37, 37-1, 46, 47, 52-1, 53, 53-1, 54-1, 55-2, 56, 72-1, 75, 75-1, 77, 79, 81, 82-баптарында көзделген, уәкілетті органның және Ұлттық Банктің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлеріне байланысты құқықтық қатынастарды реттеу саласындағы өкілеттіктері, оның ішінде осы Заңды іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға өкілеттіктері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына байланысты құқықтық қатынастарға қолданылады.
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
3-бап өзгертілді ҚР 20.02.2006 жылғы № 128 Заңымен (31.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3-бап өзгертілді ҚР 26.07.2007 жылғы № 313 Заңымен (07.05.2007 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
3-бап өзгертілді ҚР13.02.2009  жылғы №135-V Заңымен (20.11.2008 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
3-бап жаңа редакцияда  ҚР 30.12.2009 жылғы № 234-IV Заңымен (28.08.2009 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аджастер - функциясына сақтандыру төлемі бойынша өтінішті қарау және сақтандыру жағдайынан болған залалды бағалау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері;
1-тармақша өзгертілді ҚР 15.07.2010 жылғы № 338-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-1) актуарий – уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген актуарийлерді оқытудың ең төмен міндетті бағдарламасы бойынша емтихан тапсырған жеке тұлға;
3-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.07.2010 жылғы № 338-IV Заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (10.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-2) актуарийдің кәсіби пайымы – актуарийдің кәсіби даярлығына, біліміне және актуарлық қызметті жүзеге асыру тәжірибесіне негізделген пайымы;
3-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.07.2010 жылғы № 338-IV Заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (10.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (05.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-3) актуарийлер бірлестігі – актуарийлердің ерікті мүшелігіне негізделген, өз мүшелерінің мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау, кәсіби қызметіне жағдай жасау және өзге де функцияларды орындау үшін құрылған өзін-өзі реттейтін ұйым;
3-бап 1-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.07.2010 жылғы № 338-IV Заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (05.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi