Близость слов: Окончание:





Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 43 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20248 болып тіркелді
Осы Қаулының атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 жылғы № 7 Қаулысына сәйкес (17.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 жылғы № 80 Қаулысына сәйкес (14.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 30.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Сақтандыру қызметі туралы», «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы», «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 жылғы № 80 Қаулысына сәйкес (14.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 жылғы № 7 Қаулысына сәйкес (17.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 жылғы № 80 Қаулысына сәйкес (14.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы М. Абылкасымова
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2020 жылғы «____»____________
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 43 қаулысымен
бекітілген
Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.09.2020 жылғы № 79 Қаулысымен (өзгерту 24.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 жылғы № 7 Қаулысымен (17.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.02.2022 жылғы № 2 Қаулысымен (05.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.05.2022 жылғы № 41 Қаулысымен (14.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 жылғы № 80 Қаулысына сәйкес (30.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 34-бабына (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң), «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, 4-1-бабына (бұдан әрі – Кепілдік беру қоры туралы заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалды.
Қағида мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) келісім беру тәртібін анықтайды.
Қағидаға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына жібереді.
Полная версия
ИС BestProfi