«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 99 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 12 сәуірде № 7559 тіркелді
Редакция 18.04.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берілген Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Бас ұйым ретінде сақтандыру тобына кіретін сақтандыру холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде сақтандыру тобындағы өздерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г.Марченко
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 99 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар
Осы Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) сақтандыру холдингінде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында (бұдан әрі - Ұйым), сондай-ақ Ұйымның еншілес ұйымдарында және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдарда (бұдан әрі - сақтандыру тобының қатысушылары) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктер мен функционалдық міндеттер көзделетін тиісті тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің сақтандыру тобында қалыптастырылуына қойылатын талаптарды айқындау мақсатында «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Ұйымның Директорлар кеңесі (шаруашылық серіктестіктер үшін - қатысушылардың жалпы жиналысы) сақтандыру тобындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің Талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етеді және Ұйым мен сақтандыру тобы қатысушыларының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылауды жүзеге асыру саласында өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін жағдай жасайды.
2. Сақтандыру тобындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау Ұйымның Директорлар кеңесі (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекітетін және тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі, рәсімдері, талаптары, мақсаттары, қағидаттары мен әдістері айқындалатын ішкі құжаттар (бұдан әрі - ішкі құжаттар) арқылы қамтамасыз етіледі.
Ішкі құжаттарда мыналар:
сақтандыру тобы қызметінің негізгі мақсаттары мен бағыттары;
сақтандыру тобы қызметінің қаржылық және өзге көрсеткіштерінің болжамды мәндері;
сақтандыру тобындағы тәуекелдерді басқару саясаты;
басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымы туралы ереже;
басшы қызметкерлерді тағайындау және оларға сыйақы беру саясаты;
Полная версия