Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.04.2023
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 10 сәуірден бастап күшін жойды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 05.04.2023 жылғы № 71 Бұйрығына сәйкес
Редакция 28.05.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 17-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптары бекітілсін.
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы 1-тармағы 3) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12639 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 158 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14129 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ. Қожамжаров
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
төрағасының
2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығымен
бекітілген
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптары
Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 10.05.2017 жылғы № 98 Бұйрығына сәйкес (13.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
12.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
Осы Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 27.12.2018 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес (10.05.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 27.05.2019 жылғы № 111 Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Талаптар өзгертілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрайымының 02.09.2019 жылғы № 161 Бұйрығына сәйкес (27.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 10.01.2020 жылғы № 3 (02.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Талаптар өзгертілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 12.06.2020 жылғы № 94 Бұйрығымен (10.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Талаптар өзгертілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 15.09.2021 жылғы № 161 Бұйрығымен (өзгерту 23.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 30.12.2021 жылғы № 258 Бұйрығына сәйкес (15.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 24.05.2022 жылғы № 104 Бұйрығына сәйкес (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптары (бұдан әрі – Үлгілік біліктілік талаптары) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен (бұдан әрі – Тізілім) айқындалған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттары үшін белгіленген және оларға жатқызылан лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарға қойылады.
Полная версия
ИС BestProfi