Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
«Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi бойынша өздерi өндiретiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 703 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 916 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.12.2018 жылғы № 802 Қаулысына сәйкес
1. «Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi бойынша өздерi өндiретiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 13 мамырдағы № 703 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 219-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлерді бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесінде:
мына:
«
|
|
20.11.13 |
Сұйық және қысылған ауа |
»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
20.12 |
|
|
Бояғыш заттар мен пигменттерді өндіру |
|
20.12 |
|
Бояғыштар және пигменттер |
|
20.12.1 |
|
Оксидтер, пероксидтер және гидроксидтер |
|
|
20.12.11 |
Мырыш оксиді және пероксиді; титан оксиді |
|
|
20.12.12 |
Хром, марганец, қорғасын және мыс оксиді мен пероксиді |
|
|
20.12.19 |
Өзге де металдардың оксидтері, пероксидтері және гидроксидтері |
|
20.12.2 |
|
Илегіш немесе бояғыш сығындылар; таниндер және олардың туындылары; басқа топтамаларға енгізілмеген бояғыш заттар |
|
|
20.12.21 |
Органикалық синтетикалық бояғыш заттар және олардың негізіндегі қоспалар; ағартушы флуоресцентті заттар немесе люминофорлар ретінде пайдаланылатын органикалық синтетикалық өнімдер; бояйтын лактар және олардың негізіндегі құрамдар |
|
|
20.12.22 |
Өсімдіктен және алынған илеу сығындылары; таниндер және олардың тұздары, қарапайым, күрделі және өзге де туынды эфирлер; өсімдік немесе жануарлардан алынған бояғыш заттар |
|
|
20.12.23 |
Органикалық және синтетикалық илеу заттары; бейорганикалық илегіш заттар; илеу құрамдары; жұмсартқыштар |
|
|
20.12.24 |
Басқа топтамаларға енгізілмеген бояғыш заттар; люминофор ретінде қолданылатын бейорганикалық өнімдер |
20.13 |
|
|
Басқа негізгі бейорганикалық химиялық заттарды өндіру |
|
20.13 |
|
Өзге де негізгі химиялық бейорганикалық заттар |
|
|
20.13.14 |
Жылу шығаратын элементтер (кассеттер), сәулеленбеген (ядролық реактивтер) |
»;
мына:
«
|
20.13.6 |
|
Өзге де негізгі химиялық бейорганикалық заттар |
»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
|
|
20.13.61 |
Басқа топтамаларға енгізілмеген изотоптар және олардың қосылыстары (ауыр суды қоса алғанда (дейтерий оксиді)) |