Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.12.2018
«Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi бойынша өздерi өндiретiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 703 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 916 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.12.2018 жылғы № 802 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi бойынша өздерi өндiретiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 13 мамырдағы № 703 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 219-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлерді бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесінде:
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

20.12

 


 

Бояғыш заттар мен пигменттерді өндіру

 

20.12

 

Бояғыштар және пигменттер

 

20.12.1

 

Оксидтер, пероксидтер және гидроксидтер

 

 

20.12.11

Мырыш оксиді және пероксиді; титан оксиді

 

 

20.12.12

Хром, марганец, қорғасын және мыс оксиді мен пероксиді

 

 

20.12.19

Өзге де металдардың оксидтері, пероксидтері және гидроксидтері

 

20.12.2

 

Илегіш немесе бояғыш сығындылар; таниндер және олардың туындылары; басқа топтамаларға енгізілмеген бояғыш заттар

 

 

20.12.21

Органикалық синтетикалық бояғыш заттар және олардың негізіндегі қоспалар; ағартушы флуоресцентті заттар немесе люминофорлар ретінде пайдаланылатын органикалық синтетикалық өнімдер; бояйтын лактар және олардың негізіндегі құрамдар

 

 

20.12.22

Өсімдіктен және алынған илеу сығындылары; таниндер және олардың тұздары, қарапайым, күрделі және өзге де туынды эфирлер; өсімдік немесе жануарлардан алынған бояғыш заттар

 

 

20.12.23

Органикалық және синтетикалық илеу заттары; бейорганикалық илегіш заттар; илеу құрамдары; жұмсартқыштар

 

 

20.12.24

Басқа топтамаларға енгізілмеген бояғыш заттар; люминофор ретінде қолданылатын бейорганикалық өнімдер

20.13

 

 

Басқа негізгі бейорганикалық химиялық заттарды өндіру

 

20.13

 

Өзге де негізгі химиялық бейорганикалық заттар

 

 

20.13.14

Жылу шығаратын элементтер (кассеттер), сәулеленбеген (ядролық реактивтер)


 

20.13.6


 

Өзге де негізгі химиялық бейорганикалық заттар

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:


 


 

20.13.61

Басқа топтамаларға енгізілмеген изотоптар және олардың қосылыстары (ауыр суды қоса алғанда (дейтерий оксиді))

Полная версия
ИС BestProfi