Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Жайылымдар туралы 
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы № 47-VI Заңы
Редакция 29.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң жайылымдарды ұтымды пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және жайылымдардың тозу процестерін болғызбауға, жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйін жақсартуға бағытталған.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аридтік жайылымдар – сиретілген жартылай бұталы, сирек шөптесін өсімдіктері бар шөлді және шөлейтті аумақтарда орналасқан жайылымдар;
2) екпе жайылымдар – шығымдылығы жоғары шалғын өсіру, оларға күтім жасау және ұтымды пайдалану жөніндегі агротехникалық іс-шаралардың ғылыми негізделген жүйесі негізін құрайтын, өнімділігі жоғары жемшөп дақылдары бар жайылымдар;
3) жайылым айналымы – Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жайылымдарды өнімді жағдайда ұстап тұру үшін оларды кезеңділікпен және кезектілікпен пайдалану және оларға күтім жасау жүйесі;
4) жайылымдар – ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын жер учаскелері. Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде жайылымдардың өнімділігі жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларына жемшөп қажеттілігінен асатын жағдайларда жемшөп дайындау мақсатында шөп шабуға жол беріледі;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау – жайылымдардың өнімділігін, шалғынның құрылымы мен құрамын, оның өскен жерлерін, жайылымдарды ауыл шаруашылығы жануарларының сан алуан түрін жаю үшін пайдалану мүмкіндігін, жайылымдардағы шөптесін және ағашты-бұталы өсімдіктердің сапасын айқындау мақсатында жүргізілетін зерттеп-қарау;
7) жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары – жайылымдық шалғынның ботаникалық құрамы мен оның өнімділігіне залал келтірмей ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыруға болатын, жайылымдардың жалпы алаңына ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері бойынша, жайылымдардың типтері мен табиғи-климаттық аймақтар бөлінісінде өңірлер бойынша түсетін жүктеменің сараланған нормалары;
8) жайылымдардың оты-суының молдығы – жайылымдар алаңының бірлігіне шаққандағы жайылымдық шалғынның өнімділігі;
9) жайылымдарды суландыру – жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруды және персоналды ауызсумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін шахталы және құбырлы құдықтарды, су айдындарын, суат пункттерін және басқа да құрылыстарды салу;
10) жайылымдарды түбегейлі жақсарту – көпжылдық шөптердің және аридтік өсімдіктердің (дақылдардың) шығымдылығы жоғары сорттарын егу арқылы жаңа шалғын өсіру;
11) жайылымдық инфрақұрылым объектілері – құрылыстар, көпірлер, жолдар, суландыру құрылыстары (ұңғымалар, құбырлы және шахталы құдықтар, апандар), мал айдайтын жолдар, малды аялдатуға арналған алаңдар мен суат алаңдары, қойларды тоғытуға арналған ыдыстар, қоралар және қоршалған жерлер, жайылымдардың қоршаулары, шарбақтар (оның ішінде электрлі шарбақтар), ауыл шаруашылығы жануарларын қоршап-бөлшектеп жаюға арналған қашалар, ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық емдеуге арналған өткелектер, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етуге арналған құрылыстар мен объектілер, жаңартылатын және баламалы энергия көздері пайдаланылатын объектілер, сумен жабдықтау объектілері және тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да түрлері, персоналдың маусымдық тұруына арналған құрылыстар және жайылымдарды күтіп-ұстау мен пайдалану үшін қажетті өзге де мүлік;
12) жайылым пайдаланушы – осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жайылымдарды пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;
12-1) көпшілік пайдаланатын жайылымдар – елді мекендердің іргелес аумағында орналасқан және мемлекет меншігіндегі, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басын жаю бойынша жергілікті халық мұқтажын қанағаттандыруға арналған жайылымдар;
1-бап 12-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13) маусымдық жайылымдар – жыл мезгілдеріне және (немесе) пайдалану кезеңділігіне сәйкес қолайлы табиғи-климаттық жағдайларда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін пайдаланылатын жайылымдар;
14) шалғайдағы жайылымдар – елді мекендерден алыстағы аумақтарда шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін пайдаланылатын жайылымдар.
Полная версия
ИС BestProfi