Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасына еттiң кейбір түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Қазақстан Республикасына еттiң кейбір түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына, 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа, 2015 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттамаға сәйкес және Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына Қазақстан Республикасының қосылу шарты ретінде қабылдаған міндеттемелерді орындауы мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасына еттiң кейбір түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығына (2015 жылғы 12 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10181 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы сауда қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы»;
Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы сауда қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі Т. С үлейменов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
___________ А. Мамытбеков
2017 жылғы «____» _________

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы «____» _________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
201_ жылғы «____» ______
№______ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 қаңтардағы
№ 30 бұйрығымен бекітілген
Полная версия
ИС BestProfi