Близость слов: Окончание:





«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
1. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11229 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 10-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күніненбастап күнтізбелік он күн ішіндеқазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі оның көшірмесінҚазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінеқосу және ресми жариялау үшін«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан РеспубликасыӘділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
ҚазақстанРеспубликасының
Ақпаратжәнекоммуникациялар
министрі_______________ Д. Абаев
2017 жылғы___________  

«КЕЛІСІЛДІ»
ҚазақстанРеспубликасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы ___________
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 ж «__» ____________ _
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы «23» сәуірдегі
№ 301 бұйрығымен бекітілді
«Экологиялық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Экологиялық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Полная версия
ИС BestProfi