Близость слов: Окончание:





Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 545 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 14827 болып тіркелді
Редакция 06.10.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 4-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістеме бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________Т. Сүлейменов
2017 жылғы 26 қаңтар
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_____________Қ. Бозымбаев
2017 жылғы 19 қаңтар
Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 545
бұйрығымен бекітілген
Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістеме
1. Осы Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – әдістеме) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 37-бабы 1-тармағының 4-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және су пайдаланушылардың су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын (бұдан әрі – үлестік норма) әзірлеуі тәртібін айқындайды.
2. Үлестік нормаларды әзірлеу су алуды қысқартуға және сулардың зиянды әсерін төмендетуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы технологияларды игере отырып, суды кешенді және ұтымды пайдалану қағидатын іске асыру мақсатында жүзеге асырылады.
2-бөлім. Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу тәртібі
1-параграф. Үлестік нормаларды есептеудің жалпы ережелер
Полная версия
ИС BestProfi