"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 3-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 05.01.2019
"Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 22 ақпандағы № 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 наурыздағы № 14956 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 5 қаңтардан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 жылғы № 598 Бұйрығына сәйкес
1. "Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12788 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 қаңтарда "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
"Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы";
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында:
"Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары";
"1. Осы Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – орта білім беру ұйымдары) ақылы және тегін негізде оқитындарға тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді немесе тауарларды сатып алу тәртібін белгілейді.";
"64. Шарт бөлінген қаражат шегінде тиісті қаржы жылында міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жасалады және шарт мерзімі аяқталғаннан кейін өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда екі реттен көп емес ұзартылады.";
"66. Көрсетілетін қызметті жеткізуші беруші жалдау шартын алғаннан кейін білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті көрсеткенге дейін объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.";
"Өнім берушіні тарту осы Қағидалардың 69, 70, 71, 72-тармақтарының ұқсастығы бойынша жүзеге асырылады.";
Полная версия

