"Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 398 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 19.04.2019 жылғы № 29 Жарлығына сәйкес
1. “Нұрлы жол” инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және “Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 18-19, 93-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
“Нұрлы жол” мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралары мен инвестициялық жобалары Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, республикалық және жергілікті бюджеттердің, халықаралық қаржы институттары мен ұйымдардың қаражаты, ұлттық компаниялар мен даму институттарының меншікті қаражаты, сондай-ақ жекеше инвестициялар есебінен 7,6 трлн. теңге жалпы индикативтік сомада қаржыландырылатын болады, оның ішінде:
“3. Ағымдағы жағдайды талдау” деген бөлімде бір жүз сексен екінші, бір жүз сексен үшінші, бір жүз сексен төртінші, бір жүз сексен бесінші, бір жүз сексен алтыншы, бір жүз сексен жетінші, бір жүз сексен сегізінші, бір жүз сексен тоғызыншы, бір жүз тоқсаныншы, бір жүз тоқсан бірінші, бір жүз тоқсан екінші, бір жүз тоқсан үшінші, бір жүз тоқсан төртінші, бір жүз тоқсан бесінші, бір жүз тоқсан алтыншы, бір жүз тоқсан жетінші, бір жүз тоқсан сегізінші, бір жүз тоқсан тоғызыншы, екі жүзінші, екі жүз бірінші, екі жүз екінші, екі жүз үшінші бөліктер алып тасталсын;
“5.5. Тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту” және “5.12. Басталған кредиттік тұрғын үй жобаларын іске асыру және үлестік салымдарды қорғау” деген кіші бөлімдер алып тасталсын;