Қаулы етемін:
Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығы
Осы Жарлыққа Түсініктемені қараңыз Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 19.04.2019 жылғы № 29 Жарлығына сәйкес
Редакция 05.05.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 Жарлығында белгіленген мерзімде және тәртіппен Бағдарламаны мониторингтеу және бағалау нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынсын.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана, 2015 жыл
1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ
1-бөлім өзгертілді ҚР Президентінің 11.05.2016 жылғы № 255 Жарлығымен (06.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) 1-бөлім өзгертілді ҚР Президентінің 12.12.2016 жылғы № 389 Жарлығымен (11.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) 1-бөлім өзгертілді ҚР Президентінің 29.12.2016 жылғы № 398 Жарлығымен (12.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Бағдарламаның атауы |
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіздеме |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспардың 4-тармағы |
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар |
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар |
Бағдарламаның мақсаты |
Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін хаб қағидатымен тиімді инфрақұрылым құру негізінде елдің макроөңірлерін интеграциялау арқылы бірыңғай экономикалық нарықты қалыптастыру, көлік инфрақұрылымын халықаралық көлік жүйесіне интеграциялау, транзит әлеуетін іске асыру |
Міндеттер |
1) Қазақстанның заманауи көлік инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ оның халықаралық көлік жүйесіне интеграциялануын қамтамасыз ету |
Іске асыру мерзімі |
2015 - 2019 жылдар |
Нысаналы индикаторлар |
мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізу: |
Қаржыландыру көздері мен көлемі
Қаржыландыру көздері мен көлемі жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.12.2016 жылғы № 398 Жарлығына сәйкес (12.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)
“Нұрлы жол” мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралары мен инвестициялық жобалары Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, республикалық және жергілікті бюджеттердің, халықаралық қаржы институттары мен ұйымдардың қаражаты, ұлттық компаниялар мен даму институттарының меншікті қаражаты, сондай-ақ жекеше инвестициялар есебінен 7,6 трлн. теңге жалпы индикативтік сомада қаржыландырылатын болады, оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2. Кіріспе