Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 21 ақпандағы
№ 40 бұйрығына 2-қосымша
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары
Редакция 01.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеу ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына және мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді және мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу тәртібін, бағдарламаларын, тестілеуді ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 19.05.2020 жылғы № 81 Бұйрығына сәйкес (27.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.02.2023 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 31.01.2024 жылғы № 26 Бұйрығына сәйкес (11.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тестілеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлғаның қызметкері болып табылатын тестілеу операторының (бұдан әрі - оператор) қатысуымен өткізіледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 27.12.2018 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес (31.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 31.01.2024 жылғы № 26 Бұйрығына сәйкес (11.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тестілеудi өткiзудің әділдiгi жағдайлардың, уақыттың, нәтижелердi есептеудің, тестердің мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ оператордың сыбайлас жемқорлықты жiбермеу әрекеттерi туралы жазбаша шектеулердi қабылдауымен қамтамасыз етiледi.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 27.12.2018 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес (31.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. «Мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілетін қызметті берушісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.02.2023 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 31.01.2024 жылғы № 26 Бұйрығына сәйкес (11.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тарау алынып тасталды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 22.09.2020 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес (19.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ алынып тасталды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 22.09.2020 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес (19.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 27.12.2018 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес (31.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ алынып тасталды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 22.09.2020 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес (19.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ алынып тасталды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 22.09.2020 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес (19.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ алынып тасталды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 22.09.2020 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес (19.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ алынып тасталды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 22.09.2020 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес (19.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ алынып тасталды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 22.09.2020 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес (19.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 31.05.2017 жылғы № 115 Бұйрығына сәйкес (21.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
11-тармақ алынып тасталды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 22.09.2020 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес (19.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тарау. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу
12. Көрсетілетін қызметті беруші «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді (бұдан әрі – «Б» корпусының лауазымына үміткерлер) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 19.05.2020 жылғы № 81 Бұйрығына сәйкес (27.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.02.2023 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-1. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 2-1-қосымшасында келтірілген.
3-тарау 12-1-тармақпен толықтырылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 19.05.2020 жылғы № 81 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 26.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.02.2023 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. «Б» корпусының лауазымына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы тапсырады.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 19.05.2020 жылғы № 81 Бұйрығына сәйкес (27.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.02.2023 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi