Осы Заң коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, коллекторлық агенттіктерді құрудың, олардың қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Коллекторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VI Заңы
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 19.06.2024 № 97-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.05.2027 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 16.01.2026 жылғы № 259-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2026 және 01.01.2027 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 19.03.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша берешек (бұдан әрі - берешек) - банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша борышкердің кредитор алдындағы негізгі борышты, сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеу жөніндегі міндеттемелері;
2) борышкер - банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамауға немесе тиісінше орындамауға жол берген жеке немесе заңды тұлға;
3) есептік тіркеу - коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізу;
4) коллекторлық агенттік - коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілген, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға;
5) коллекторлық агенттіктер тізілімі - коллекторлық қызмет саласындағы уәкілетті органның коллекторлық агенттіктерінің бірыңғай тізбесі;
6) коллекторлық қызмет - коллекторлық агенттіктің берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинауға бағытталған қызметі;
7) коллекторлық қызмет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган;
7-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) кредитор – берешек бойынша борышкерге талап ету құқығы бар екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым.
8-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) сервистік компания – құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша, құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару бойынша, оның ішінде:
1-бап 9-тармақшамен толықтырылды ҚР 04.07.2022 № 133-VII Заңына сәйкес (өзгерту 04.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.01.2026 жылғы № 259-VIII Заңына сәйкес (09.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуге;
өзімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта білдіруге;
борышкерден ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті қабылдауға;
осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және (немесе) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартында көзделген өзге де өкілеттіктерге қатысты өкілеттіктерге ие стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым, коллекторлық агенттік;
2-бап. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасы
Полная версия

