Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.05.2019
«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 253 және Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 241 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 168 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 134 бірлескен бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 21 маусымда № 15241 болып тіркелді
Осы Бірлескен Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 7 мамырдан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.02.2015 жылғы № 200 және ҚР Энергетика министрінің 27.02.2015 жылғы № 155 Бірлескен бұйрығына сәйкес
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 253 және Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 241 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №11000 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазандағы «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) Толық аяқталған ұңғыма құрылыс – жобалау жұмыстарын, құрылыс, бұрғылау, сынақтан өткізу (сынама алу), зерттеу, ұңғымаларды жою және консервациялау, қалдықтарды залалсыздандыру және көрсетілген жұмыстарға (қызметтерге) ілеспелі тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсетудің кезеңдерін көздейтін жұмыстар мен қызметтердің жиынтығы;»;
«18) шарттың елеулі талаптары – бұл шарттың нысанасы, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдері мен орындары, төлеу тәртібі;»;
17-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Толық аяқталған құрылыс, толық аяқталған ұңғыма құрылыс және кешенді жұмыстар бір лотпен сатып алынады»;
«23. Конкурстық комиссияның хатшысы ТЖҚ-ны сатып алу бойынша ашық конкурс рәсімдерінің өткізілуін ұйымдастырады. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды дайындайды, конкурстық комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, конкурстық комиссия отырысының өткізілуін ұйымдастырады, жүйемен қалыптастырылған конкурстық өтінімдерді ашу хаттамасына, ашық конкурсқа қатысуға рұқсат хаттамасына, ашық конкурстың қорытындысын шығару хаттамасына, конкурстық комиссия отырыстарының басқа да хаттамаларына қол қояды, ТЖҚ-ны сатып алу бойынша ашық конкурстың құжаттары мен материалдарының сақталуын қамтамасыз етеді.»;
бірінші бөлігінің 20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) жұмыстарды орындау шартын орындау кезінде (әлеуетті жеткізушінің мердігерлік шартты орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда) осы Қағидаларды сақтау туралы жер қойнауын пайдаланушының әлеуетті жеткізушіге (мердігеріге) қоятын міндетті талабы;»;
төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Жылдық көлемі құндық көріністе тиісті қаржы жылына белгіленген он төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен асып түсетін жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде, сондай-ақ осындай қызмет түрлерімен айналысуға лицензияның болуын талап ететін қауіпті, ерекше қауіпті жұмыс түрлерін сатып алу кезінде тапсырыс берушіге әлеуетті жеткізушіде сатып алынатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында және (немесе) белгілі бір салада жұмыс тәжірибесінің болуын көздейтін, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсетіп жүрген ұйымдардың атынан кепілдеме хаттардың немесе оң пікірлердің сканерден өткізілген көшірмелерімен расталған, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау-беруді растайтын тиісті актілердің сканерден өткізілген көшірмелерін қоса бере отырып, біліктілік талаптарын белгілеуге жол беріледі. Бұл ретте жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету саласында 5 (бес) жылдан асатын жұмыс тәжірибесінің болуы туралы талап белгілеуге жол берілмейді.
Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар жұмыс тәжірибесінің әрбір жылы үшін ұсынылады.
Полная версия
ИС BestProfi