«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 214 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 119 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 сәуірде № 18559 болып тіркелді
1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі _________________ Р. Скляр Қазақстан Республикасының Энергетика министрі _________________ Қ. Бозымбаев «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 214 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 119 бірлескен бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің күші жойылған кейбір бірлескен бұрықтарының тізбесі
1. «Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 200 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 155 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11499 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 28 тамызда жарияланған).
2. «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 253 және Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 241 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11000 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 қазанда жарияланған).
3. «Ұлттық компанияның үлестік қатысуы көзделетін келісімшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттік мүдделерді білдіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 397 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 257 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11035 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 маусымда жарияланған).
4. «Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 1072 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 675 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12872 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 наурызда жарияланған).
5. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға және (немесе) құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есебін жасаудың және ұсынудың нысаны мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1154 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 714 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13242 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 наурызда жарияланған).
6. «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 253 және Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 241 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 139 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 85 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13589 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 7 маусымда жарияланған).
7. «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 253 және Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 241 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 168 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 134 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15241 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 тамызда жарияланған).
Полная версия