Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.05.2019
Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 1072 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 675 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 қаңтарда № 12872 болып тіркелді
Осы Бірлескен Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 7 мамырдан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.02.2015 жылғы № 200 және ҚР Энергетика министрінің 27.02.2015 жылғы № 155 Бірлескен бұйрығына сәйкес
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 
1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П.Рауға және Қазақстан Республикасы Энергетика бірінші вице-министрі Ұ.С.Қарабалинға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев _______________               
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник______________
«КЕЛІСІЛДІ»: 
Қазақстан Республикасының 
Ауыл шаруашылығы министрі 
___________________ А. Мамытбеков 
2015 жылғы 25 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»: 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
___________________ Е. Досаев 
2015 жылғы 29 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің
 2015 жылғы 17 қарашадағы
 № 1072 және
 Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 30 қарашадағы
 № 675 бірлескен бұйрығымен
 бекітілген
Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидалар
1. Осы Қазақстан Республикасында пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай тәртіпті айқындайды.
3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) геологиялық қорлар – шоғырларда болатын көмірсутек шикізатының қорлары;
Полная версия
ИС BestProfi