Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.06.2020
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 248 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 31 шілдеде № 15402 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 9 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес 
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10190 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларында:
«3) элиттұқымшар бір уақытта бірегей тұқым өндіруші (бұдан әрі – оригинатор) болып табылған жағдайда, элиттұқымшардың егіске нақты пайдаланған өзі өндірген суперэлиталық тұқымдарына (мақта үшін – көбейту питомниктерін қоспағанда, бірегей тұқымдар) кеткен шығындарын ішінара өтеуге. Бұл ретте, элиттұқымшардың шығындарын ішінара өтеу элиталық тұқымдардың жоспарлы өндіру көлемін қамтамасыз ету үшін суперэлиталық тұқымдардың (мақта үшін – көбейту питомниктерін қоспағанда, бірегей тұқымдар) ғылыми негізделген қажеттілігін есепке ала отырып жүргізіледі;»;
«6. Осы Қағидалардың 3-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген субсидиялар элиттұқымшар ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі – бөлім) немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған бірегей тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтінім берген жағдайда төленеді.
7. Осы Қағидалардың 3-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген субсидиялар элиттұқымшар бөлімге немесе Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша егіске пайдаланылған өзі өндірген суперэлиталық тұқымдарға (мақта үшін – көбейту питомниктерін қоспағанда, бірегей тұқымдар) субсидиялар алуға арналған өтінім берген жағдайда төленеді.»;
«15. Осы Қағидалардың 3-тармағы 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көрсетілген субсидиялар облыстың жергілікті атқарушы органы белгілеген квоталар шегінде төленеді.
Бұл ретте квоталар облыс бойынша көзделіп отырған егіс алаңдарының құрылымына, сорт жаңарту мен сорт алмастырудың ғылыми негізделген нормаларына сүйене отырып белгіленеді.
16. Субсидияларды төлеу сорттың немесе буданның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі № 434 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5759 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) енгізілгендігіне (енгізілмегендігіне) байланысты жүзеге асырылады. Бұл ретте, субсидиялар осы Қағидаларға 11-қосымшада көрсетілген тұқымдардың және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттеріне арналған субсидиялар нормативтерінен (бұдан әрі – субсидиялар нормативі) аспауы тиіс.
1) Мемлекеттiк тiзiлiмге енгізілген сорттарға (ұсынылған облысты ескере отырып) – тұқымдардың және элиталық көшеттердің толық құнының 70%-ы;
2) Мемлекеттiк тiзiлiмге енгізілмеген сорттарға, сондай-ақ тиісті облысқа ұсынылмаған сорттарға – тұқымдардың және элиталық көшеттердің толық құнының 30%-ы есебінен белгіленген.
Полная версия
ИС BestProfi