Близость слов: Окончание:





Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "Жәнібек колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына М.Б. Ықсановтың есімін беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 368 қаулысы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "Жәнібек колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына М.Б. Ықсановтың есімі берілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Полная версия
ИС BestProfi